Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 тамыздағы N 1262 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 391 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.03.30 № 391 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына Z990389_ сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                          Қазақстан Республикасы
                                          Үкіметінің 1999 жылғы
                                              27 тамыздағы
                                           N 1262 қаулысымен
                                               бекітілген

 Мемлекеттік білім беру ұйымдарының
педагогикалық қызметкерлері үшін нормативтік оқу жүктемесі

      Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері үшін апталық оқу жүктемесінің нормативі мынадай болып белгіленсін:
      20 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының бастауыш сатысы үшін;
      18 сағат - жалпы білім беретін оқу орнының негізгі және жоғары сатылары үшін;
      18 сағат - кәсіптік бастауыш білім және кәсіптік орта білім беру ұйымдары үшін;
      24 сағат - мектепке дейінгі ұйымдар үшін;
      18 сағат - мектептен тыс ұйымдар үшін;
      24 сағат - балалар және жас өспірімдер спорт мектептері үшін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады