Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының кредиторлық берешектерін өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен "Ориент Игл." авиа компаниясы орындаған "Боинг 757" ұшағының жедел рейстері мен тікұшақты қайта жабдықтау жөніндегі жұмыстар үшін кредиторлық берешектерді өтеуге теңгелік баламда 400(төрт
жүз) мың АҚШ доллары бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың
мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі