Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының кредиторлық берешектерін өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 6 қыркүйек N 1310

      Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының кредиторлық берешектерін өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасына 1999 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражаттың есебінен "Ориент Игл." авиа компаниясы орындаған "Боинг 757" ұшағының жедел рейстері мен тікұшақты қайта жабдықтау жөніндегі жұмыстар үшін кредиторлық берешектерді өтеуге теңгелік баламда 400(төрт

 

жүз) мың АҚШ доллары бөлінсін.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі







Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады