1. "Аукциондық сатудан алынатын алымдарды төлеу тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 12 шілдедегі N 953 P950953_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 24, 273-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Аукциондық сатудан алынатын алымдарды
төлеудің тәртібі туралы ережеде: ІІІ тарау мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын: "4-1. Соттар және басқа да органдардың қаулыларын атқару жөніндегі атқарушылық өндірісті қамтамасыз ететін әділет органдары өткізетін аукциондық сатулардан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым алынады". 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.