Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң ҚАУЛЫСЫ 1995 жылғы 12 шiлде N 953. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 8 шілдедегі N 734 ~P020734 қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеу тәртiбi туралы ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1995 жылғы 12 шiлдедегi

                                        N 953 қаулысымен

                                           бекiтiлген



 
                Аукциондық сатудан алынатын алымды
                     төлеу тәртiбi туралы
                          Е Р Е Ж Е
                      I. Жалпы Ережелер
      1. Аукцион деп - көруге алдын-ала қойылған тауарларды күнi бұрын белгiленген уақытта тауарларды көпшiлiк сауда жолымен сату өткiзiлетiн белгiлi жерде кезең-кезеңмен жұмыс iстейтiн арнайы ұйымдастырылған көпшiлiк сату, сауда түсiнiледi.
      2. Бұл Ереже Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары, сандай-ақ салық инспекциялары өткiзетiн мамандандырылған аукциондарға қолданылмайды.
 
                     II. Алым төлеушiлер
      3. Аукциондарды өткiзушi - заңды және жеке тұлғалар,

 

аукциондық сатудан алынатын алымды төлеушiлер болып табылады.

                    III. Алым ставкалары

     4. Аукциондық сатудан алынатын алым белгiленген тәртiппен

аукциондық сатудан түскен түсiмнiң жалпы сомасынан 5 процент

мөлшерiнде есептеледi.

     4-1. Соттар және басқа да органдардың қаулыларын атқару жөніндегі

атқарушылық өндірісті қамтамасыз ететін әділет органдары өткізетін

аукциондық сатулардан бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алым

алынады.



     ЕСКЕРТУ. Жаңа 4-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы    


              Үкіметінің 1999.09.07. N 1314 қаулысымен. 


P991314_




                    IV. Алымды төлеу тәртiбi мен мерзiмi

     5. Төлеушiлер алымды белгiленген тәртiппен тауарларды

аукциондық сатуды өткiзуден алынатын түсiмнiң жалпы сомасына және

белгiленген ставкаға қарай есептейдi.

     6. Аукциондық сатудан алынатын алымды төлеушiлер осы Ережеге

қосымшада келтiрiлген үлгi бойынша салық органдарына декларация

тапсырып, алымды аукцион өткiзiлгеннен кейiн 10 күннен кешiктiрмей

төлейдi.

     7. Аукцион сатудан алынатын алым жергiлiктi бюджетке

есептеледi.

              V. Төлеушiнiң жауапкершiлiгi және аукциондық

               сатудан алынатын алымның түсуiне бақылау жасау

     8. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына

сәйкес аукциондық сатудан алынатын алымды дұрыс есептеу және

бюджетке уақытылы төлеу жауапкершiлiгi төлеушiге жүктеледi.

     9. Аукциондық сатудан алынатын алымның түсуiне бақылау жасау

салық қызметi органдарына жүктеледi.

                                                 қосымша

     ______________________

     ______________________

     жөнiндегi салық

     инспекциясына

     ______________________

     төлеушiнiң аты

     ______________________________

     ______________________________

     (Жауапты адамның) орындаушының

     аты,жөнi,фамилиясы_______________

     _________________________________

     телефон__________________________

                Аукциондық сатудан алынатын алым жөнiндегi

                           Д Е К Л А Р А Ц И Я

                                        _________ айы үшiн

     Аукцион өткiзiледi____________________________________

                                                мың теңге

     199  жылғы "  " ______________

     ______________________________________________________

     Көрсеткiштер                             : Сома

     ______________________________________________________

     1. Тауарларды аукциондық сатудан түскен түсiм

     2. Алым ставкасы

     3. Аукциондық сатудан алынатын алым сомасы

     4. Алым төлеу мерзiмi

     ______________________________________________________

                              Басшы________________________

                              Бас бухгалтер________________

                              Салық инспекциясының

                              белгiсi

                              Декларация 199 жылғы "  "

                              алынды.





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады