Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Жекелеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру жөніндегі кеңесшілерді таңдауға арналған тендер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 985 P990985_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақтағы "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі", "Қазақстан алюминийі", "Қазхром" ұлтаралық компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтың 3) тармақшасындағы "20 қыркүйекке" деген сөздер "15 қазанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1999 жылғы
29 қыркүйектегі
N 1473 қаулысына
қосымша
Инвестициялық компаниялар (банктер) және мамандандырылған
консалтингтік фирмалардың арасында кейбір акционерлік
қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін жекешелендіру
жөніндегі кеңесшілерді таңдау үшін өткізілетін тендер
комиссиясының құрамы
Әбілғазин Данияр - Қазақстан Республикасының Қаржы
Рүстемұлы вице-министрі, Мемлекеттік мүлік және
жекешелендіру комитетінің төрағасы
Кешубаев Ғалиаусат - Қазақстан Республикасы Премьер-
Қайырбекұлы Министрінің Кеңсесі Басшысының
орынбасары
Сәйденов Әнуар - Қазақстан Республикасының Қаржы
Ғалимоллаұлы вице-министрі
Уәйісов Мерей - Қазақстан Республикасының Әділет
Құрманұлы вице-министрі
Жолдасбеков Азамат - Қазақстан Республикасының Бағалы
Мырзаданұлы қағаздар жөніндегі ұлттық
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Қуанышев Дулат - Қазақстан Республикасы Инвестициялар
Оразбекұлы жөніндегі агенттігінің төрағасы
Жолдыбаева Сәуле - Қазақстан Республикасының
Мұсақызы Энергетика, индустрия және сауда
вице-министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Қасымбеков Б.А.