Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 985 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 29 қыркүйек N 1473

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Жекелеген акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру жөніндегі кеңесшілерді таңдауға арналған тендер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 15 шілдедегі N 985 P990985_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-тармақтағы "Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі", "Қазақстан алюминийі", "Қазхром" ұлтаралық компаниясы" деген сөздер алынып тасталсын;
      2-тармақтың 3) тармақшасындағы "20 қыркүйекке" деген сөздер "15 қазанға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген қаулыға қосымша қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



                                  Қазақстан Республикасы



                                  Үкіметінің 1999 жылғы

                                    29 қыркүйектегі

                                   N 1473 қаулысына

                                       қосымша




 

     Инвестициялық компаниялар (банктер) және мамандандырылған

        консалтингтік фирмалардың арасында кейбір акционерлік

     қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакеттерін жекешелендіру

     жөніндегі кеңесшілерді таңдау үшін өткізілетін тендер

                комиссиясының құрамы


     Әбілғазин Данияр        - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Рүстемұлы                 вице-министрі, Мемлекеттік мүлік және

                               жекешелендіру комитетінің төрағасы


     Кешубаев Ғалиаусат      - Қазақстан Республикасы Премьер-

     Қайырбекұлы               Министрінің Кеңсесі Басшысының

                               орынбасары


     Сәйденов Әнуар          - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Ғалимоллаұлы              вице-министрі


     Уәйісов Мерей           - Қазақстан Республикасының Әділет

     Құрманұлы                 вице-министрі


     Жолдасбеков Азамат      - Қазақстан Республикасының Бағалы

     Мырзаданұлы               қағаздар жөніндегі ұлттық

                               комиссиясының төрағасы

                               (келісім бойынша)


     Қуанышев Дулат          - Қазақстан Республикасы Инвестициялар

     Оразбекұлы                жөніндегі агенттігінің төрағасы


     Жолдыбаева Сәуле        - Қазақстан Республикасының

     Мұсақызы                  Энергетика, индустрия және сауда

                               вице-министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Қасымбеков Б.А.       








Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады