"Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің және басқарудың тиімділігін арттырудың 1999-2000 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 маусымдағы N 683 P990683_ қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. "Маңғыстаумұнайгаз", "Ақтөбемұнайгаз", "Өскемен титан-магний комбинаты", "Қазмырыш" акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру жөніндегі кеңесшілерді таңдауға арналған инвестициялық компаниялардың (банктердің) және мамандандырылған консалтингтік фирмалардың арасында тендер өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қосымшаға сәйкес құрылсын.
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.29. N 1473
қаулысымен. P991473_
ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.01.12. N 51
қаулысымен. P000051_
2. Комиссия:
1) осы қаулының 1-тармағында аталған акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін жекешелендіру жөніндегі кеңесшілерді таңдауға арналған тендердің (бұдан әрі - Тендер) ықтимал қатысушыларының - инвестициялық компанияларының (банктерінің) және мамандандырылған консалтингтік фирмаларының тізбесін белгілесін;
2) 1999 жылғы 20 шілдеге дейінгі мерзімде Тендерді өткізу шарттарын әзірлесін және оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынсын;
3) 1999 жылғы 15 қазанға дейінгі мерзімде Тендер өткізсін,
тиісті келісімдер жасасу үшін жеңімпаздарды таңдасын.
ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.09.29. N 1473
қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік
және жекешелендіру комитеті 1999 жылғы 23 шілдеге дейінгі мерзімде
Комиссияның тиісті ұсыныстарын ескере отырып, Тендерді өткізу шарттарын
бекітсін.
4. Осы қаулының атқарылуын бақылау Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігіне жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 15 шілдедегі
N 985 қаулысына
қосымша
Кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн
жекешелендiру жөнiндегі кеңесшiлердi таңдауға арналған инвестициялық
компаниялардың (банктердің) және мамандандырылған консалтингтiк
фирмалардың арасында тендер өткiзу жөніндегі комиссияның құрамы
Есенбасв - Қазақстан Республикасының
Мәжит Төлеубекұлы Қаржы министрi, төраға
Раханов - Қазақстан Республикасының
Мақсұдбек Смағұлұлы Қаржы Министрлiгi Мемлекеттiк мүлiк және
жекешелендiру комитетiнiң
төрағасы, төрағаның орынбасары
Жанәбiлов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Мият Саттарұлы Кеңсесi Өндiрiстiк бөлiмiнiң меңгерушiсi
Котенко - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Наталья Леонидовна Кеңсесi Экономика бөлiмiнiң меңгерушісі
Әбiтаев - Қазақстан Республикасының Энергетика,
Есберген Әбiтайұлы индустрия және сауда бiрiншi вице-министрi
Сәйденов - Қазақстн Республикасының
Әнуар Ғалимоллаұлы Қаржы вице-министрi
Уәйісов - Қазақстан Республикасының
Мерей Құрманұлы Әділет бірінші вице-министрі
Сартбаев - Қазақстан Республикасының
Медет Мақсұтұлы Экономика вице-министрi
Нұрпейісов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Айтмұхамбетұлы Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi
Жолдасбеков - Қазақстан Республикасы
Азамат Мырзаданұлы Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық
комиссиясының төрағасы (келiсiм бойынша)
Қуанышев - Қазақстан Республикасының
Дулат Оразбекұлы Инвестициялар жөнiндегi агенттiгiнiң
төрағасы"
ЕСКЕРТУ. Құрам өзгерді - ҚР Үкіметінің 1999.12.06. N 1869 қаулысымен.
ЕСКЕРТУ. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2000.02.29. N 325
қаулысымен.
Оқығандар:
Қобдалиева Н.
Омарбекова А.