"Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 22 қараша N 1765

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 86 мекен-жайы бойынша орналасқан шаруашылық жүргізу құқығындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілік ғимаратын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі "Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансына беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен келісім бойынша "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы (Бұдан әрі - Қоғам) мүлкінің (активтерінің) құрамынан Қоғамның жарғылық капиталын бара-бар азайту арқылы Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 152 мекен-жай бойынша орналасқан ғимаратты шығаруды;
      2) көрсетілген ғимаратты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына беруді қамтамасыз етсін.
      3. "Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасын "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 тамыздағы N 822 P980822 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға қосымшада:
      "Бөгенбай батыр көшесі, 152" деген жол алынып тасталсын.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

      Оқығандар:
      Қобдалиева Н.М.
      Орынбекова Д.К.

О размещении Республиканского государственного казенного предприятия "Алматинская государственная консерватория имени Курмангазы"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 ноября 1999 года N 1765

      Правительство Республики Казахстан постановляет:
      1. Министерству транспорта и коммуникаций Республики Казахстан обеспечить передачу административного здания Республиканского государственного предприятия почтовой связи на праве хозяйственного ведения по адресу: город Алматы, проспект Абылайхана, 86 на баланс республиканского государственного казенного предприятия "Алматинская государственная консерватория имени Курмангазы" Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан.
      2. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) по согласованию с Управлением Делами Президента Республики Казахстан выведение из состава имущества (активов) закрытого акционерного общества "ХОЗУ" (далее - Общество) здания, расположенного по адресу: город Алматы, улица Богенбая батыра, 152 с адекватным уменьшением уставного капитала Общества;
      2) передачу указанного здания на баланс Республиканского государственного предприятия почтовой связи на праве хозяйственного ведения Министерства транспорта и коммуникаций Республики Казахстан.
      3. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 1998 года N 822 "О преобразовании Хозяйственного управления Президента и Правительства Республики Казахстан в закрытое акционерное общество "ХОЗУ" следующее изменение:
      в приложении к указанному постановлению:
      строку "ул. Богенбай батыра, 152" исключить.
      4. Настоящее постановление вступает в силу со дня подписания.
 

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан     



(Специалисты: Умбетова А.М.,

              Цай Л.Г.)