Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Алматы қаласы, Абылайхан даңғылы, 86 мекен-жайы бойынша орналасқан шаруашылық жүргізу құқығындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының әкімшілік ғимаратын Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі "Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының балансына беруді қамтамасыз етсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен келісім бойынша "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы (Бұдан әрі - Қоғам) мүлкінің (активтерінің) құрамынан Қоғамның жарғылық капиталын бара-бар азайту арқылы Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 152 мекен-жай бойынша орналасқан ғимаратты шығаруды;
2) көрсетілген ғимаратты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы Почта байланысы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансына беруді қамтамасыз етсін.
3. "Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің Шаруашылық басқармасын "Шаруашылық басқармасы" жабық акционерлік қоғамы етіп қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 тамыздағы N 822 P980822 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
"Бөгенбай батыр көшесі, 152" деген жол алынып тасталсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.