ЕСКЕРТУ. Атауы, кіріспеге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
Инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметін ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
1999 жылғы 2 желтоқсандағы
N 1843 қаулысымен бекітілген
Инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі
ведомствоаралық комиссия туралы ереже
ЕСКЕРТУ. Атауына өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
1. Жалпы ережелер
1. Инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының инвесторлардың қызметін реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
ЕСКЕРТУ. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
2. Комиссияның негізгі міндеттері мен функциялары
3. Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасында инвестициялық ахуалды жетілдіру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруға жәрдем көрсету болып табылады.
4. Комиссияның өз қызметінің аясындағы функциялары:
1) инвесторлардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету;
2) Комиссия құзыретінің шеңберінде даулар мен инвесторлардың талаптарын шешу жөнінде ұсыныстар жасау;
3) мемлекеттің инвестициялық саясатын түзету жөнінде ұсынымдар әзірлеу;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесіне Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестициялардың түрлі нысандарын салатын инвесторлардың қызметі туралы ақпарат ұсыну болып табылады. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
3. Комиссияның құрамы
5. Комиссияны Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігінің Басшысы басқарады. Комиссияның төрағасы Комиссияның қызметін қамтамасыз етеді, мәжілістерде төрағалық етеді, мәжілістерді өткізудің кестесін бекітеді, ұсынымдарды әзірлеу мен іске асыруға жалпы бақылау жасауды жүзеге асырады. Комиссияның төрағасы болмаған кезде оның өкілеттігін төрағаның орынбасары атқарады. <*>
ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.04.18. N 507
қаулысымен .
ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
6. Комиссияның хатшысы мәжілістің күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды әзірлейді және олар өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді.
7. Комиссияның жеке құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
8. Комиссияның мәжілістерінде қарауға арналған мәселелердің тізбесі инвесторлардың өтініштеріне қарай жасалады және оны Төраға бекітеді. <*>
ЕСКЕРТУ. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
9. Бекітілген тізбе Комиссияның мүшелеріне тізім бойынша таратылады.
10. Комиссия шешімінің ұсынымдық сипаты болады.
11. Комиссияның мәжілісі қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі және оны Төраға шақырады. Инвесторлардың өтініші бойынша шұғыл шешім қабылдау қажет болған жағдайларда Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның кезектен тыс мәжілісі өткізілуі мүмкін. <*>
ЕСКЕРТУ. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2004.01.07. N 11 қаулысымен .
12. Төрағаның шақыруы бойынша Комиссияның мәжілістеріне мүдделі министрліктер мен ведомстволардың басшылары мен басқа да лауазымды тұлғалары, өтініштері қаралатын инвесторлар да қатысуы мүмкін.
13. Комиссия мәжілістерінің қорытындылары бойынша Төраға мен хатшы қол қоятын хаттама жасалады. Комиссияның шешімі ашық дауыспен қабылданады және, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілік дауыс берілсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда, Төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
14. Комиссия мүшелерінің жазбаша түрде мазмұндалуы және Комиссия мәжілісінің хаттамасына қоса берілуі тиіс ерекше пікір білдіруге құқығы бар.
15. Комиссияның әрбір мәжілісінен кейін Қазақстан Республикасының Үкіметіне Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп жолданады.
16. Комиссияның мәжілісіне енгізілетін материалдарға, қажет болған жағдайда, қосымша ақпараттық мәліметтер қоса беріледі.
5. Комиссияның қызметін тоқтатуы
17. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі Комиссияның қызметін тоқтатуы үшін негіз болып табылады.