Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы N 1633 және 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1843 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 18 сәуір N 507. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.05.17. N 467 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) "Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі  ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қарашадағы N 1633  қаулысына (Қазақстан  Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 50, 482-құжат):
      1-тармақтағы:
      Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

     Әбіқаев                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
     Нұртай Әбіқайұлы         бірінші вице-министрі, төрағаның
                              орынбасары     

     Еламанов               - Қазақстан Республикасының Энергетика
     Болат Далдайұлы          және минералдық ресурстар бірінші
                              вице-министрі     

     Нұрпейісов             - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
     Қайрат Айтмұхамбетұлы    кіріс вице-министрі     

     Өмірбаев               - Қазақстан Республикасының Еңбек және
     Әділхан Әбдірахманұлы    халықты әлеуметтік қорғау
                              вице-министрі     

     Андрющенко             - Қазақстан Республикасының Экономика
     Александр Иванович       және сауда вице-министрі     

     Әлжанов                - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
     Тілек Қабыкенұлы         министрлігі Инвестициялар жөніндегі
                              комитетінің төрағасы     

     Әйтекенов              - Қазақстан Республикасының Табиғи
     Қайрат Медібайұлы        ресурстар және қоршаған ортаны қорғау
                              министрлігі Қоршаған ортаны қорғау
                              комитетінің төрағасы     

     Үмбетәлиева            - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
     Дана Шекербекқызы        министрлігі Инвестициялар жөніндегі
                              комитеті инвестициялық жобаларды
                              талдау және мониторинг басқармасы
                              құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің
                              бастығы, хатшы

      көрсетілген құрамнан Қанат Бекмырзаұлы Саудабаев, Зейнолла  Халидоллаұлы Кәкімжанов, Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеев, Владимир Сергеевич Школьник, Дулат Оразбекұлы Қуанышев, Вадим Павлович Зверьков, Азамат Айтқалиұлы Нұрсейітов шығарылсын;
     "Ыдырысов              - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
     Ерлан Әбілфайызұлы       министрі, төрағаның орынбасары"
     деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

     "Ыдырысов              - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
     Ерлан Әбілфайызұлы       министрі, төраға";

      3-тармақтағы "Премьер-Министрдің Кеңсесіне" деген сөздер "сыртқы істер министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      2) "Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 1843  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 53, 524-құжат): 
      көрсетілген қаулымен бекітілген Шетелдік инвесторлардың өтініштерін қарау жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережедегі:
      5-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады