Орталық атқарушы органдарды Астана қаласындағы Министрліктер үйіне оңтайлы орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары Астана қаласындағы Министрліктер үйіне орналастырылсын.
2. Тізбеде көрсетілген орталық мемлекеттік органдардың басшылары
бөлінген алаңдарды ескере отырып өздері басқаратын органдарды
орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау және оны іске асыру жөнінде
қажетті одан арғы шараларды үйлестіру Қазақстан Республикасының Қаржы
министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1857 қаулысына қосымша
Астана қаласындағы Министрліктер үйіне орналастыруға
жататын орталық атқарушы органдардың
тізбесі
_________________________________________________________________
N Орталық атқарушы органның Жұмыс орындары
атауы алаңы, м2
_________________________________________________________________
1. Қазақстан Республикасының 6185
Қаржы министрлігі
2. Қазақстан Республикасының 2770
Мемлекеттік кіріс министрлігі
3. Қазақстан Республикасының 870
Экономика министрлігі
4. Қазақстан Республикасының 475
Инвестициялар жөніндегі агенттігі
_________________________________________________________________
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.