Орталық атқарушы органдарды Астана қаласындағы Министрліктер үйіне орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 4 желтоқсан N 1857

      Орталық атқарушы органдарды Астана қаласындағы Министрліктер үйіне оңтайлы орналастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары Астана қаласындағы Министрліктер үйіне орналастырылсын.
      2. Тізбеде көрсетілген орталық мемлекеттік органдардың басшылары

 

бөлінген алаңдарды ескере отырып өздері басқаратын органдарды

орналастыруды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау және оны іске асыру жөнінде

қажетті одан арғы шараларды үйлестіру Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлігіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы

                                            Үкіметінің

                                    1999 жылғы 4 желтоқсандағы

                                     N 1857 қаулысына қосымша


      Астана қаласындағы Министрліктер үйіне орналастыруға

             жататын орталық атқарушы органдардың

                        тізбесі


     _________________________________________________________________

      N         Орталық атқарушы органның         Жұмыс орындары

                           атауы                    алаңы, м2

     _________________________________________________________________

     1. Қазақстан Республикасының                  6185

        Қаржы министрлігі

     2. Қазақстан Республикасының                   2770

        Мемлекеттік кіріс министрлігі

     3. Қазақстан Республикасының                   870

        Экономика министрлігі

     4. Қазақстан Республикасының                   475

        Инвестициялар жөніндегі агенттігі

     _________________________________________________________________




    Оқығандар:   

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады