Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігін Көкшетау қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы N 99 P980099_ қаулысына сәйкес Көкшетау қаласына көшірілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте
кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен
52000000 (елу екі миллион) теңге бөлсін.
2. Бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау Қазақстан
Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.