Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiн Көкшетау қаласына көшiру туралы <*>

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 12 ақпандағы N 99

      ЕСКЕРТУ. Тақырыбындағы және мәтініндегі сөздер ауыстырылды - ҚР
               Үкіметінің 1999.12.27. N 1989 қаулысымен. P991989_
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiн оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарымен - Пайдалы қазбалар қорлары жөнiндегi мемлекеттiк комиссиямен, "Қазгеоақпарат" РГАО Республикалық геологиялық ақпарат орталығымен жер қойнауын қорғау мен пайдалану жөнiндегi Солтүстiк Қазақстан аумақтық басқармасымен, Тұрақты даму ұлттық экологиялық орталығымен, Геология, экология және табиғи ресурстар ақпараттық-талдау орталығымен бiрге Көкшетау қаласына көшiру жүзеге асырылсын.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.22. N 681 қаулысымен.
               P980681_
      Ескерту. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1939
               қаулысымен. P001939_
      2. Ақмола қаласына көшірілген мемлекеттік органдардың орталық аппараттарының қызметкерлері үшін заңдарда көзделген кепілдіктер мен өтемдер елорданы Астана қаласына көшіруге байланысты басқа жерге (Көкшетау қаласына) жұмысқа ауыстыру кезінде қоныс аударған Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орталық аппараты қызметкерлеріне де қолданылады деп белгіленсін.
      Жоғарыда аталған Министрліктің орталық аппараты, сондай-ақ 1-тармақта

 

көрсетілген қарамағындағы ұйымдардың қызметкерлеріне тұрғын үй беру және

сатып алу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 сәуірдегі

N 377-26 және 1998 жылғы 3 тамыздағы N 736-56 қаулыларына сәйкес

жүргізілсін.



     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1999.12.27. N 1989

              қаулысымен. 


P991989_



     Ескерту. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.12.29. N 1939         

              қаулысымен.


P001939_



     3. Құпия.

     4. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны

қорғау министрлiгi Көкшетау қаласындағы К.Маркс көшесiндегi 81-үйге

орналастырылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады