Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігін қаржыландырудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1999 жылғы 22 желтоқсан N 1961

 

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігін Көкшетау қаласына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 12 ақпандағы N 99 P980099_ қаулысына сәйкес Көкшетау қаласына көшірілген Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің қызметкерлеріне арналған тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне 1999 жылға арналған республикалық бюджетте

 

кезек күттірмейтін мемлекеттік мұқтаждарға көзделген қаражат есебінен

52000000 (елу екі миллион) теңге бөлсін.

     2. Бөлінетін қаражаттың мақсатты жұмсалуын бақылау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі 



      Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.         

              Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады