Жаңа мыңжылдықты қарсы алуға байланысты азаматтардың көптеген тілектері мен өтініштерін ескере отырып және еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. 1999 жылдың 31 желтоқсаны демалыс күні болып жариялансын.
2. Қажетті өнім шығаруға, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосуға
арналған еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген
ұйымдарға кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша 1999 жылдың 31
желтоқсанында жұмыс жүргізу құқығы берілсін.
Аталған күнгі жұмыс қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.