2000 жылды қарсы алу жөніндегі кейбір мәселелер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1999 жылғы 24 желтоқсан N 1971

     Жаңа мыңжылдықты қарсы алуға байланысты азаматтардың көптеген тілектері мен өтініштерін ескере отырып және еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдай туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 1999 жылдың 31 желтоқсаны демалыс күні болып жариялансын.
      2. Қажетті өнім шығаруға, сондай-ақ құрылыс объектілерін іске қосуға

 

арналған еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілген

ұйымдарға кәсіподақ комитеттерімен келісім бойынша 1999 жылдың 31

желтоқсанында жұмыс жүргізу құқығы берілсін.

     Аталған күнгі жұмыс қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өтеледі.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады