1. "Мазут экспортына уақытша тыйым салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 18 қыркүйектегі N 1412 P991412_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қаулының атауындағы "Мазут" деген сөзден кейін "және дизель отыны" деген сөздермен толықтырылсын;
қаулының кіріспесіндегі "мазутпен" деген сөзден кейін "және дизель отынымен" деген сөздермен толықтырылсын;
1-тармақтағы "1999 жылғы 25 желтоқсанға" деген сөздер "2000 жылғы 1 наурызға" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармағымен толықтырылсын:
"1-1. 1999 жылғы 26 желтоқсаннан бастап 2000 жылғы 1 сәуірге дейінгі
кезеңде Қазақстан Республикасының аумағынан дизель отынын (ТМД СЭҚ ТН коды 271000610-271000690) әкетуге тыйым салынсын"; 2-тармақтағы "1 қаңтарға" деген сөздер "1 наурызға" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "1-тармағын" деген сөздерден кейін "және 1-1-тармағын" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы "Премьер-Министрінің" деген сөздерден кейін "бірінші" деген сөздермен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялануға жатады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.