"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1) 2001 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшыларына республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттің сыйақы төлеуін қамтамасыз етуді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізсін;
2) тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеу жөніндегі шығыстардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке 2002 жылдан бастап енгізілуін көздесін;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (келісім бойынша) бірлесіп бағалау көрсеткішін белгілеу мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеудің тәртібін әзірлесін және бекітсін.
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша):
1) екі айлық мерзімде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың үлгілік нысанын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын;
2) тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жүйесін құру мен дамытуға шаралар қабылдасын.
3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
Премьер-Министр