"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 7 сәуір N 20-ө. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      "Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында: 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 
      1) 2001 жылғы тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшыларына республикалық бюджет қаражатынан мемлекеттің сыйақы төлеуін қамтамасыз етуді көздейтін Қазақстан Республикасы Заңының жобасын енгізсін; 
      2) тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеу жөніндегі шығыстардың тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетке 2002 жылдан бастап енгізілуін көздесін; 
      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен (келісім бойынша) бірлесіп бағалау көрсеткішін белгілеу мен тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің салымшыларына мемлекеттік сыйақы төлеудің тәртібін әзірлесін және бекітсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (келісім бойынша): 
      1) екі айлық мерзімде тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарттың үлгілік нысанын Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуіне ұсынсын;
      2) тұрғын үй құрылысы жинақ банкі жүйесін құру мен дамытуға шаралар қабылдасын.
      3. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.     

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады