1. Лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау әдісіне негізделген
еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында мына құрамда Ведомствоаралық
жұмыс тобы құрылсын:
Тұрысбеков - Қазақстан Республикасы
Зауытбек Қауысбекұлы Мемлекеттік қызмет істері
жөніндегі агенттігінің төрағасы,
жетекші (келісім бойынша)
Құлекеев - Қазақстан Республикасының
Жақсыбек Әбдірахметұлы Экономика және сауда министрі,
жетекшінің орынбасары
Бахмутова - Қазақстан Республикасының
Елена Леонидовна Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау вице-министрі
Коржова - Қазақстан Республикасының
Наталья Артемовна Қаржы вице-министрі
Котлов - Қазақстан Республикасының
Андрей Николаевич Әділет вице-министрі
Дәукеев - Қазақстан Республикасы Атырау
Серікбек Жүсіпбекұлы облысының әкімі
Судьин - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Президентінің Әкімшілігі Кадр
жұмысы бөлімінің меңгерушісі
(келісім бойынша)
Пененин - Қазақстан Республикасы
Анатолий Сергеевич Премьер-Министрінің Кеңсесі
Кадр жұмысы бөлімінің
меңгерушісі.
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінде және Атырау облысының мемлекеттік органдарында лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау әдісіне негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін тәжірибе ретінде енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен
бірлесіп екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының
тиісті жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы
Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.