Лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау негізінде мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2001 жылғы 13 желтоқсан N 97-ө

      1. Лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау әдісіне негізделген

 

еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру мақсатында мына құрамда Ведомствоаралық

жұмыс тобы құрылсын:


     Тұрысбеков                 - Қазақстан Республикасы

     Зауытбек Қауысбекұлы         Мемлекеттік қызмет істері

                                  жөніндегі агенттігінің төрағасы,

                                  жетекші (келісім бойынша)


     Құлекеев                   - Қазақстан Республикасының

     Жақсыбек Әбдірахметұлы       Экономика және сауда министрі,

                                  жетекшінің орынбасары


     Бахмутова                  - Қазақстан Республикасының

     Елена Леонидовна             Еңбек және халықты әлеуметтік

                                  қорғау вице-министрі


     Коржова                    - Қазақстан Республикасының

     Наталья Артемовна            Қаржы вице-министрі


     Котлов                     - Қазақстан Республикасының

     Андрей Николаевич            Әділет вице-министрі


     Дәукеев                    - Қазақстан Республикасы Атырау

     Серікбек Жүсіпбекұлы         облысының әкімі


     Судьин                     - Қазақстан Республикасы

     Александр Сергеевич          Президентінің Әкімшілігі Кадр

                                  жұмысы бөлімінің меңгерушісі

                                  (келісім бойынша)


     Пененин                    - Қазақстан Республикасы

     Анатолий Сергеевич           Премьер-Министрінің Кеңсесі    

                                  Кадр жұмысы бөлімінің

                                  меңгерушісі.



 
       2. Ведомствоаралық жұмыс тобы бір ай мерзімде Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінде және Атырау облысының мемлекеттік органдарында лауазымдарды факторлық-баллдық бағалау әдісіне негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін тәжірибе ретінде енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі

 

агенттігі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен

бірлесіп екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының

тиісті жобасын әзірлесін және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы

Президентінің Әкімшілігіне енгізсін.

     4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.


     Премьер-Министр




Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады