1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 7 қаңтардағы N 5
қаулысымен бекітілген, Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығын
мерекелеуге арналған 2001 жылғы 16 желтоқсандағы салтанатты сөзінде алға
қойған міндеттерді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағын
орындау мақсатында мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы туралы
заңнама нормаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін мына құрамда
жұмыс тобы құрылсын:
Тұрысбеков - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
Зауытбек Қауысбекұлы қызмет істері жөніндегі агенттігінің
төрағасы, жетекші (келісім бойынша);
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасының Әділет
Ринат Шарафутдинович вице-министрі, жетекшінің
орынбасары;
Наратау - Қазақстан Республикасының
Қобыланды Бақытжанұлы Президенті Әкімшілігінің
Мемлекеттік-құқықтық бөлімі
меңгерушісінің бірінші орынбасары
(келісім бойынша);
Пепенин - Қазақстан Республикасы Премьер-
Анатолий Сергеевич Министрінің Кеңсесі Кадр жұмысы
бөлімінің меңгерушісі;
Байжанов - Қазақстан Республикасының
Ұлан Сапарұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі;
Қазбекова - Қазақстан Республикасы Сыртқы
Раушан Қазықанқызы iстер министрлiгiнiң Инвестициялар
жөнiндегi комитетi төрағасының
орынбасары;
Жүсіпов - Қазақстан Республикасы Бас
Қайрат Зияұлы прокурорының Қазақстан
Республикасының Парламентiндегi
өкiлi (келiсiм бойынша);
Сераев - Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Хамет Альбертович Сотының аппараты Ұйымдастыру-
талдау басқармасының бас
консультанты (келiсiм бойынша);
Сейітов - Қазақстан Республикасының Iшкi
Сағит Сәбитұлы iстер министрлiгi Тоғызыншы
департаментiнiң бастығы;
Ахметжанов - Қазақстан Республикасының
Саян Қылышұлы Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
агенттiгi Мемлекеттiк қызметтi
құқықтық қамтамасыз ету
департаментiнiң директоры (келiсiм
бойынша);
Шекимова - Қазақстан Республикасының
Людмила Николаевна Мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi
агенттiгi Мемлекеттiк қызмет
саласындағы заңнаманың сақталуын
бақылау басқармасының бастығы
(келiсiм бойынша);
Злотников - "Транспаренси Казахстан" қоғамдық
Сергей Михайлович қорының атқарушы директоры
(келiсiм бойынша);
Елемесов - Шетелдiк инвесторлар кеңесi жұмыс
Асқар Раушанұлы органының өкiлi, "Дойче Банк
Секьюритиз Казахстан" ашық
акционерлiк қоғамының президентi
(келiсiм бойынша).
2. Жұмыс тобы бір ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік этикасы ережелерiн бекiту туралы N 328 U000328_ Жарлығына тиiстi өзгерiстер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі
агенттігі (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Әділет
министрлігімен бірлесіп, 2002 жылғы 25 наурызға дейінгі мерзімде Қазақстан
Республикасының Президенті Жарлығының тиісті жобасын әзірлесін және
белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне
енгізсін.
4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Б.Ә.Мұхамеджановқа жүктелсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.