Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1774
қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тұрғын үй
құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін
дамыту бағдарламасының тиімділігін арттыру мен оны іске асыруды жеделдету
жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Шардарбек - Қазақстан Республикасының Экономика
Шәріпбек Шардарбекұлы және сауда министрлігі Құрылыс істері
жөніндегі комитетінің төрағасы, жетекші;
Мужчиль - Қазақстан Республикасының Парламенті
Татьяна Евгеньевна Мәжілісінің депутаты, Қаржы және
бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі
(келісім бойынша);
Қанатов - Қазақстан Республикасының
Сәбит Сарқытұлы Мемлекеттік кіріс вице-министрі;
Айманбетова - Қазақстан Республикасының Ұлттық
Гүлбану Зарлыққызы Банкі төрағасының орынбасары
(келісім бойынша);
Арынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Ерлан Асатайұлы және сауда министрлігі Инвестициялық
саясат департаментінің директоры;
Өтеғұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Мәулен Амангелдіұлы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу
департаменті директорының міндетін
атқарушы;
Жұмабаева - Қазақстан Республикасының Табиғи
Надежда Хасанбекқызы монополияларды реттеу, бәсекелестікті
қорғау және шағын бизнесті қолдау
жөніндегі агенттігі Бәсекелес рыноктың
мониторингі және мемлекеттік
кәсіпорындар департаментінің директоры;
Мұқашев - Қазақстан Республикасы Әділет
Марат Жомартбекұлы министрлігінің Заңнама департаменті
Заң жобалау жұмыстары басқармасының
заң жобалары сараптау бөлімі
бастығының міндетін атқарушы.
2. Жұмыс тобы 2002 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде белгіленген
тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ипотекалық несие беру және
тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі
ұсыныстарын берсін.
3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен жұмыс тобының құзыретіне
кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен
өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты
сұратуға құқы берілсін.
Премьер-Министр
Мамандар:
Багарова Ж.А.,
Қасымбеков Б.А.