Тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін дамыту бағдарламасының тиімділігін арттыру мен оны іске асыруды жеделдету жөніндегі ұсыныстарды пысықтау үшін жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімі 2002 жылғы 4 сәуір N 22-ө

 


     Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қарашадағы N 1774



P001774_


  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында Тұрғын үй

құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру және ипотекалық несие беру жүйесін

дамыту бағдарламасының тиімділігін арттыру мен оны іске асыруды жеделдету

жөніндегі ұсыныстарды пысықтау мақсатында:

     1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:


Шардарбек                  - Қазақстан Республикасының Экономика

Шәріпбек Шардарбекұлы        және сауда министрлігі Құрылыс істері

                             жөніндегі комитетінің төрағасы, жетекші;

Мужчиль                    - Қазақстан Республикасының Парламенті

Татьяна Евгеньевна           Мәжілісінің депутаты, Қаржы және

                             бюджет жөніндегі комитеттің мүшесі

                             (келісім бойынша);


Қанатов                    - Қазақстан Республикасының

Сәбит Сарқытұлы              Мемлекеттік кіріс вице-министрі;


Айманбетова                - Қазақстан Республикасының Ұлттық

Гүлбану Зарлыққызы           Банкі төрағасының орынбасары

                             (келісім бойынша);

Арынов                     - Қазақстан Республикасының Экономика

Ерлан Асатайұлы              және сауда министрлігі Инвестициялық

                             саясат департаментінің директоры;

Өтеғұлов                   - Қазақстан Республикасы Қаржы

Мәулен Амангелдіұлы          министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу

                             департаменті директорының міндетін

                             атқарушы;


Жұмабаева                  - Қазақстан Республикасының Табиғи

Надежда Хасанбекқызы         монополияларды реттеу, бәсекелестікті

                             қорғау және шағын бизнесті қолдау

                             жөніндегі агенттігі Бәсекелес рыноктың

                             мониторингі және мемлекеттік

                             кәсіпорындар департаментінің директоры;


Мұқашев                    - Қазақстан Республикасы Әділет

Марат Жомартбекұлы           министрлігінің Заңнама департаменті

                             Заң жобалау жұмыстары басқармасының

                             заң жобалары сараптау бөлімі

                             бастығының міндетін атқарушы.



 
       2. Жұмыс тобы 2002 жылғы 15 мамырға дейінгі мерзімде белгіленген

 

тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ипотекалық несие беру және

тұрғын үй құрылысын қаржыландыру жүйесін одан әрі дамыту жөніндегі

ұсыныстарын берсін.

     3. Жұмыс тобына белгіленген тәртіппен жұмыс тобының құзыретіне

кіретін мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар мен

өзге де ұйымдардың мамандарын тартуға, сондай-ақ қажетті ақпаратты

сұратуға құқы берілсін.


     Премьер-Министр



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Қасымбеков Б.А.









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады