Қазақстан Республикасы Президентінің "Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" 2001 жылғы 11 шілдедегі N 654 Жарлығы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес:
"Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсынудың кестесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2000 жылғы 9 ақпандағы N 20
өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне ақпараттық материалдарды ұсыну кестесінде:
3-бағанның тақырыбындағы ", БҚҰК (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 54-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)";
көрсетілген кестеге қосымшада:
3-бағанның тақырыбындағы ", Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның (келісім бойынша)" деген сөздер алынып тасталсын;
реттік нөмірі 24-жолдағы 3-баған мынадай редакцияда жазылсын:
"Тоқсан аяқталғаннан кейінгі 25-күн Ұлттық Банк (келісім бойынша)".
Премьер-Министр