Қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 2001 жылғы 11 шілде N 654

      Қазақстан Республикасының қаржы нарығын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда қалыптасып келе жатқан қатынастарды қадағалау мақсатында, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабының 9) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:

      1. Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беріле отырып таратылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
      1) бір ай мерзімде заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясының мүлкін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне беруді жүзеге асырсын; 
      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп қаржы нарығын мемлекеттік реттеудің бірыңғай жүйесін және онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалауды ұйымдастыру мәселелері жөніндегі заң жобасын әзірлесін және 2001 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде аталған заң жобасын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізсін; Z030474
      3) Қазақстан Республикасының Үкіметінің бұрын шығарылған актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы Жарлықтан туындайтын өзге де қажетті шаралар қолдансын.

      4. <*>
      Ескерту. 4-тармақтың күші жойылды - ҚР Президентінің 2003.12.31. N 1271 жарлығымен .

      5. "Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 қарашадағы N 3755 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 50, 463-құжат; 2000 ж., N 54, 593-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

      7. Осы Жарлық 2001 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады