1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарларын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi Z020328_ (бұдан әрi - Келiсiм) ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер
министрлiгi мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы
Елшiлiгi арасында ноталар алмасу нысанындағы келiсiмнiң қолданылуына
жататын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi белгiлеу процесiнiң
айқындылығын қамтамасыз ету жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында:
1. Мынадай құрамда Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылсын:
Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика
Владимир Сергеевич және минералдық ресурстар министрi,
жетекшi;
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика
Әбiлғазы Қалиәкпарұлы және сауда вице-министрi;
Қанатов - Қазақстан Республикасының
Сәбит Сарқытұлы Мемлекеттiк кiрiс вице-министрi;
Қазыханов - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Ержан Хозеұлы iстер министрлiгi Көп жақты
ынтымақтастық департаментiнiң
директоры;
Әбдiреев - Қазақстан Республикасының Экономика
Батырбек Сейтенұлы және сауда министрлiгi Сауда,
халықаралық ынтымақтастық және
экспорттық бақылау департаментi
директорының орынбасары;
Ахметов - Қазақстан Республикасы Энергетика
Тілеукен Зейнiкенұлы және минералдық ресурстар министрiнің
кеңесшiсi, Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар
министрлiгi Халықаралық ынтымақтастық
және мемлекеттiк ғылыми-техникалық
бағдарламалар департаменті директорының
орынбасары;
Меңдiғалиев - Қазақстан Республикасының Қорғаныс
Асылбек Аманшаұлы министрлiгi жанындағы Қару-жарақтың
қысқартылуын бақылау және
инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету
жөнiндегi орталықтың бастығы;
Есмағанбетова - Қазақстан Республикасының Қаржы
Жанар Саматқызы министрлiгi Фискальдық саясат және
болжамдар департаментi салық саясаты
басқармасының бастығы;
Шоранова - Қазақстан Республикасының
Шолпан Едiгеқызы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi
Халықаралық салық салу департаментi
халықаралық келiсiмдер басқармасының
бастығы;
Ақымбекова - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Жазира Серiкқызы iстер министрлiгi Көп жақты
ынтымақтастық департаментінің екiншi
хатшысы;
Әйтенов - Қазақстан Республикасының Әдiлет
Марат Дүйсембекұлы министрлiгi Заңнама департаментiнiң
халықаралық құқық басқармасы екi
жақты ынтымақтастық нормативтiк
құқықтық кесiмдерiн сараптау және
дайындау бөлiмiнiң жетекшi маманы.
2. Ведомствоаралық жұмыс тобы Қауiптi бiрлесiп азайту бағдарламасының
шеңберiнде жасалған келiсiм-шарттарға сәйкес Келiсiмнiң қолданылуына
жататын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi белгiлеу процесiнiң
айқындылығын қамтамасыз ету жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң қарауына ұсынатын болсын.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының
Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр
Мамандар:
Қасымбеков Б.А.
Жұманазарова А.