1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және жаппай қырып жоятын қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасының Заңы 2002 жылғы 3 маусым N 328-ІІ.

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.06.02. N 161-IV Заңымен.

      1-бап. Алматыда 2000 жылғы 1 және 5 желтоқсанда жасалған 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келісімді ұзарту мәселесі жөнінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арасындағы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.

      2-бап. Осы Заңның Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы 20/1169 нотасын тіркеген күннен бастап туындаған құқық қатынастарына қатысты кері күші болады.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ MEH АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ КОНТИНЕНТАРАЛЫҚ БАЛЛИСТИКАЛЫҚ РАКЕТАЛАРДЫҢ ШАХТАЛЫҚ ҰШЫРУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫН, АПАТТЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮҒА ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ҚАРУДЫҢ ТАРАЛУЫНА ЖОЛ БЕРМЕУГЕ ҚАТЫСТЫ КЕЛІСIМ

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары,
      Қазақстан Республикасының аумағында тұрған, төменде КБР-дың шахталық ұшыру қондырғылары деп аталатын, континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын және стратегиялық шабуыл қаруларын жоюға байланысты басқа да қызметке жәрдемдесу ниетiмен,
      Ядролық, биологиялық, химиялық және радиологиялық қаруды қоса алғанда, жаппай қырып жоятын қарудың, сондай-ақ осындай қаруға қатысты технологияның, материалдар мен мағлұматтардың таралуына қарсы тексеруге болатын шараларды орнатуға жәрдемдесу ниетiмен,
      Қазақстан Республикасының 1968 жылғы 1 шiлдедегi ядролық қаруды таратпау туралы Шартқа қосылуы мiндетiн атай отырып,
      төмендегiлер жайында келiстi:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.06.02. N 161-IV Заңымен.

І-бап

      Тараптар ынтымақтасады және Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасына жаппай қырып жоятын қарудың және оған байланысты материалдардың, технологиялар мен білімдерді қоса алғанда, бірақ шектеусіз жоюына және таралуына жол бермеуге байланысты әр түрлі мақсаттарға жәрдемдеседі:
      а. КБР-дың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға;
      ә. Ядролық, биологиялық, химиялық және радиологиялық қаруды қоса алғанда, жаппай қырып жоятын қарудың, сондай-ақ осындай қаруға қатысты технологияның, материалдар мен мағлұматтардың таралуына қарсы тексеруге болатын шараларды орнатуға;
      б. Ядролық қаруды жою мақсатында оны Қазақстан Республикасынан алып шығуға байланысты апатты жағдайлардың салдарын жою мүмкiндiктерiн кеңейтуге; және
      в. Жаппай қырып жоятын қарудың және оған байланысты материалдардың, технологиялар мен білімдердің таралуына жол бермеуге байланысты басқа да жәрдем көрсетедi.
       Ескерту. 1-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.06.02. N 161-IV Заңымен.

II-бап

      Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн Атқару органын тағайындайды, Қазақстан Республикасы үшiн Атқару органы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi болып табылады, Америка Құрама Штаттары үшiн Атқару органы Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлiгi болып табылады.

III-бап

      1. Осы Келiсiмнiң I-бабында баяндалған мақсаттарға қол жеткiзу үшiн Тараптар қажет болғанына қарай өздерiнiң Атқару органдары арқылы осы Келiсiмнің орындалғаны туралы төменде жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдер деп аталатын келiсiмдердi жасайды.
      2. Осы Келiсiм мен жүзеге асыру жөнiндегi келiсiмдердiң арасында алшақтық болған жағдайда осы Келiсiмнiң ережелерiнiң күшi басым болады.

IV-бап

      Осы Келісімнің шарттары жәрдемнің кез келген түрiне, осы Келісімге немесе жүзеге асыру жөніндегі келiсімдерге сәйкес жасалатын материалдық-техникалық жабдықтарды, оқытып-үйретудi және қызметтердi қоса алғанда, сондай-ақ жоғарыда аталған келiсiмдердiң барлығының жүзеге асырылуына қатысты қызметшiлердiң, қызметтiң және басқа да өзара келiсiлген жәрдемдесу бағдарламаларының барлығына қолданылады.

V-бап

      1. Тараптардың әрқайсысы осы Келiсiмге сәйкес қызметтi жүзеге асыруға қатысатын екіншi Тараптың әскери қызметшiлерiнiң, азаматтық мемлекеттік қызметшiлерiнiң және мердiгер қызметшiлерiнiң өз аумағына келуi мен кетуiне тиiмдi түрде жәрдемдеседi.
      2. Осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасындағы қызметке байланысты Америка Құрама Штаттарының Қорғаныс министрлiгi пайдаланатын әуе кемелерi кедендiк тексерулерден, кедендiк баж салықтарынан, кемеге отырғаны үшiн төлемдерден, навигациялық алымдардан, порт алымдарынан, жол жүру алымдарынан және Қазақстан Республикасының заңдары немесе ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген басқа да алым-салықтардан босатылады.
      3. Егер Америка Құрама Штаттары осы Келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасындағы қызметке байланысты Қазақстан Республикасына тасымалдау тұрақты авиарейстердi орындайтын коммерциялық әуе кемесi болып табылмайтын қандай да бiр әуе кемесiмен жүзеге асырылса, онда оның ұшу жоспары азаматтық әуе кемелерi үшiн қабылданған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымының рәсiмдерiне сәйкес жасалады және де осы ұшу жоспарының Ескертулер бөлiмiне тиiстi рұқсаттың алынғаны туралы растау кiргiзiледi. Қазақстан Республикасы Америка Құрама Штаттарының әуе кемелерiне ақысыз тұрақ бередi және оларды ақысыз күзетпен қамтамасыз етедi.

VI-бап

      1. Егер Америка Құрама Штаттарының жазбаша келiсiмi күнiбұрын алынбаған болса, Қазақстан Республикасы осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн қандай да бiр материалдық-техникалық жабдықтарды, көрсететiн қызметтердi немесе оқытып-үйретудiң нәтижесiнде алынған нақты бiлiмдердi, немесе оларға меншiк құқығын Қазақстан Республикасының лауазымды адамынан, қызметкерi немесе өкiлiнен басқа ешқандай адамға бермейдi.
      Қазақстан Республикасы осы Келiсiмге сәйкес Америка Құрама Штаттары беретiн жәрдемдi осындай жәрдем беру көзделген мақсаттардан басқа мақсаттарда пайдалануға жол бермейдi.
      2. Қазақстан Республикасы осы Келiсiмге сәйкес берiлетiн материалдық-техникалық жабдықтардың, оқытып-үйретудiң нәтижесiнде алынған мағлұматтардың, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзiне байланысты ақылға сиятын барлық шараларды қабылдайды.

VII-бап

      1. Тараптар бiр-бiрiне Тараптардың әрқайсысына тиiстi мүлiкке келтiрiлген зиян үшiн, Тараптардың кез келгенiнiң кез келген әскери қызметшiсiнiң немесе азаматтық мемлекеттiк қызметшiсiнiң қаза болғаны үшiн немесе осы Келiсiмге байланысты Қазақстан Республикасындағы кез келген қызметтiң нәтижесінде олардың денсаулығына келтірілген зиян үшін талаптар қоймайды. Америка Құрама Штаттары мейлiнше мүмкiн болғанынша осы Келiсiмге сәйкес жүргiзiлетiн, персоналдың мүлкiне немесе оның жоғалуына немесе персоналдың қаза болуына немесе оның денсаулығына зиян келтiретiн қызметпен айналыспауды жоспарлайды.
      2. Қазақстан Республикасы осы Келiсiмге байланысты Қазақстан Республикасындағы кез келген қызметтiң нәтижесiнде Америка Құрама Штаттарының азаматтары қойған талаптардан басқа үшiншi тараптардың кез келген талаптануының реттелуiне жауап бередi.
      3. Осы Баптың 1- және 2-тармақтарының Ережелерi Тараптардың өз ұлттық заңдарына сәйкес өтемақы беруiне кедергi келтiрмейдi.

VIII-бап

      1. Осы Келiсiмге сәйкес қызметтi жүзеге асыру үшiн Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттiк қызметшiлерiне де 1961 жылдың, 18 сәуiрiндегi Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес әкiмшiлiк-техникалық қызметшiлер пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттер берiледi.
      2. Осы Бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi осы Келісімнің қолданыс мерзiмi iшінде және осы Келiсiмге сәйкес басталған қызметті аяқтауға қажеттi оның қолданыс мерзiмi бiткеннен кейiнгi мерзiмде өз күшiнде қалады.

IХ-бап

      1. Америка Құрама Штаттары, оның әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттік қызметшілері, мердігерлері мен мердiгер қызметшілерi осы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырылатын қызметке байланысты Қазақстан Республикасының заңдары немесе ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген салықты, баж салығын немесе сол сияқты алым-салықтарды төлеуге мiндеттi емес.
      2. Америка Құрама Штаттары, оның әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттiк қызметшiлерi, мердiгерлерi мен мердiгер қызметшiлерi Қазақстан Республикасына осы Келiсiмдi орындауға қажеттi кез материалдық-техникалық жабдықтарды әкеле алады. Мұндай материалдық-техникалық жабдықтар әкелудi лицензиялауға және басқа да шектеуге, тарифтеуге, кедендiк баж салықтарын, алымдарды, салықтарды немесе Қазақстан Республикасының заңдары немесе ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген басқа алым-салық түрлерiн салуға болмайды. Сондай материалдық-техникалық жабдықтар әкетудi де лицензиялауға, басқа да шектеуге, тарифтеуге, кедендiк баж салықтарын, алымдарды, салықтарды немесе Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелерiне сәйкес мемлекеттiк және жергiлiктi органдар алатын кез келген басқа алым-салық түрлерiн салуға болмайды. Мұндай материалдық-техникалық жабдықтарды әкелу және әкету үшiн Қазақстан Республикасы оңайлатылған және басымдыққа ие кедендiк ресiмдердi қамтамасыз етедi.
      3. Осы Бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының мiндеттемелерi осы Келiсiмнiң қолданыс мерзiмi iшiнде және осы Келiсiмге сәйкес басталған қызметтi аяқтауға қажеттi оның қолданыс мерзiмi бiткеннен кейiнгi мерзiмде өз күшiнде қалады.

Х-бап

      Осы Келісімге сәйкес Америка Құрама Штаттарының қызметі, мұндай қызмет қай жылы жүзеге асырылмасын, Америка Құрама Штаттарының заңдарына сәйкес бөлiнетiн қаржының болу-болмауына байланысты жүзеге асырылады.

ХІ-бап

      Осы Келiсімдi жүзеге асыру мақсатында Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы әскери қызметшiлерi мен азаматтық мемлекеттiк қызметшiлерi өздерiне Қазақстан Республикасының заңдарын құрметтеуге мiндеттеме алады.

ХII-бап

      1. Егер Америка Құрама Штаттары осы Келісімдi жүзеге асыру үшiн құрылысты қоса алғанда, материалдық-техникалық жабдықтар сатып алуға және қызмет көрсетуге контрактiлер жасайтын болса, онда мұндай контрактiлер Америка Құрама Штаттарының заңдары мен ережелеріне сәйкес берiледi. Осы Келісімді жүзеге асыру үшін Америка Құрама Штаттары немесе оның атынан басқалар Қазақстан Республикасында сатып алған материалдық-техникалық жабдықтар мен қызметтерге Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелеріне сәйкес мемлекеттік және жергілікті органдар алатын ешқандай да алымдар, баж салықтары, қосымша салықтар немесе сол сияқты алым-салықтар салынбайды. Мұндай босатулардың тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайдыV095809
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi Қазақстан Республикасының заңдары мен ережелеріне сәйкес осы Келісімді жүзеге асыру қызметіне байланысты өзінің ақшалай қаржысын пайдалана отырып, материалдық-техникалық жабдықтарға және қызмет көрсетуге ақы төлеуде Қазақстан Республикасының контрактiлер жасауына кедергi келтiрмейдi.

ХIII-бап

      Отыз күн бұрын жіберілген жазбаша сұрау бойынша Америка Құрама Штаттары Yкiметiнiң өкiлдерi осы Келiсiмнің қолданыс мерзiмi iшiнде және оның қолданыс мерзiмi бiткен соң үш жыл бойы осы Келiсiмге сәйкес олардың орналасқан немесе пайдаланылған жерлерінде кез келген материалдық-техникалық жабдықтарды, оқытып-үйретуді немесе көрсетілген қызметті пайдалануды тексеруге хұқылы және осы Келiсiмге сәйкес кез келген материалдық-техникалық жабдықтарды, оқытып-үйретудi немесе көрсетiлетiн қызметтi пайдалануға қатысты және барлық есептi немесе құжаттарды инспекциялауға және ревизиялауға хұқылы.

ХIV-бап

      Осы Келісім оған қол қойылған күннен бастап күшіне енеді және жеті жыл бойы күшінде болады. Егер Тараптардың бір де біреуі екінші Тарапты тиісті жеті жылдық кезең аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей оның қолданысын ұзартпау туралы өзінің тілегін жазбаша нысанда хабардар етпесе ол кейінгі жеті жылдық кезеңге өзінен-өзі ұзартылады. Осы Келісім өзінің қолданысын осындай хабарды алғаннан кейін үш айдан соң тоқтатады. Осы Келісімге Тараптардың келісімі бойынша түзетулер енгізілуі мүмкін. Егер Тараптар өзгеше келіспесе ғана осы Келісімнің немесе атқарушы келісімдердің қолданысын тоқтатуына байланыссыз, осы Келісімнің VI және VII баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының міндеттемесі уақытша шеңберлерге қарамастан күшінде болуын жалғастырады.
       Ескерту. 14-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.06.02. N 161-IV Заңымен.

      Қазақстан Республикасының Алматы қаласында 1993 жылы он үшiншi желтоқсанда екi дана етiп, әрқайсысы қазақ және ағылшын тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ екi текстiң де күші бiрдей Қазақстан Республикасы Тараптар арасында қазақ және ағылшын тiлдерiндегi текспен сәйкестiгiн қуаттайтын ноталар алмасқаннан кейiн оның да күшi бiрдей деп қаралатын орыс тiлiндегi текстiнi тапсырады.

      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ        АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫ ҮШIН:
      ҮШIН:

      Бейресми аударма
 
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Алматыдағы Америка Құрама Штаттарының Елшiлiгiне өзiнiң құрметiн растайды және Елшiлiктiң 2000 жылғы 1 желтоқсандағы N 1272/00 нотасына жауап ретiнде төмендегілердi хабарлауды құрмет тұтады.
      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) қолданылу мерзiмiн 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн жетi жылға ұзартуға өзiнiң келiсетiндігін бiлдiредi.
      Министрлiк, сондай-ақ осы нотаның тiркелген күнiнен бастап күшiнде болатын осы нота мен Елшiлiк нотасының Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы көрсетiлген Келісiмнiң ұзартылуы ретiнде жүретiндiгi туралы ұсыныспен келiсетiндiгiн бiлдiредi. Елшiлiктi өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшiн Министрлiк осы жағдайды пайдаланады.

      Астана 2000 жылғы 5 желтоқсан.

      АМЕРИКА ҚҰРАМА
      ШТАТТАРЫНЫҢ ЕЛШІЛІГІ

      Алматы қ.
 
      ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
      СЫРТҚЫ IСТЕР МИНИСТРЛIГI

      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшiлiгiне өзiнiң құрметiн растайды және Министрлiктiң 2000 жылғы 5 желтоқсандағы 20/1169 нотасы мен Елшiлiктiң 2000 жылғы 1 желтоқсандағы 1272/00 нотасына сiлтемемен төмендегiлердi хабарлауды құрмет тұтады.
      Қазақстан тарапы аталған ноталардың Министрлiктiң аталған нотасының тiркелген күнiнен бастап 1993 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда жасалған Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмдi ұзарту мәселесi жөнiнде Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) қолданылу мерзiмiн 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн жетi жылға ұзартуы болатындығына сүйенедi.
      Сонымен бiрге қазақстан тарапы американ тарапын ішкі заңнамаларға сәйкес және Келiсiмнiң Қазақстан Республикасында күшiне енуiне қажеттi барлық қажеттi рәсiмдердi сақтау үшiн қазақстан тарапына тиiстi мемлекет ішкілік шараларды жүргізу қажет екендігі туралы хабарлағысы келеді.
      Американ тарапы осы ұсыныспен келiскен жағдайда, осы нота мен Елшiлiктiң жауап нотасы Қазақстан Республикасының Келiсiмнiң Қазақстан Республикасында күшiне енуiне қажеттi барлық қажеттi рәсiмдердi жүргiзу туралы уағдаластық болып табылады.
      Қазақстан Республикасындағы Америка Құрама Штаттарының Елшiлiгiн өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшiн Министрлiк осы жағдайды пайдаланады.

                                      Астана, 2001 жылғы 6 маусым

      АМЕРИКА ҚҰРАМА
      ШТАТТАРЫНЫҢ ЕЛШІЛІГІ

      N 0623/01
 
      Америка Құрама Штаттары Елшілігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне өзінің құрметін растайды және Министрліктің 2001 жылғы 6 маусымдағы N 10-0201/63 Нотасына сілтеме жасауды хабарлауды құрмет тұтады және мыналарды хабарлайды:
      "Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуының алдын алу туралы" Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы Шарттың XIV Бабына сәйкес Шарт 1993 жылғы 13 желтоқсанда қол қойылғаннан кейiн күшiне ендi және ұзарту үшiн шартымен жетi жыл күшiнде болды.
      Шарттың XIV Бабына сәйкес осы Шарт 2000 жылғы 5 желтоқсанда күшiне енген тараптардың 2000 жылғы және 5 желтоқсанда дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн ұзартылды. 1993 жылғы 13 желтоқсандағы ұзартылған Шарт 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн күшiнде болады.
      Егер Қазақстан Республикасының Үкiметi осы Шарт жөнiндегi өзiнiң қазiргі халықаралық мiндеттемелерiн орындау үшiн ұлттық заңдар бойынша қосымша шаралар қажет деп санаса бiз Қазақстанның Үкiметiн мұндай шараларды кешiктiрмей қабылдауды дәйектiлiкпен сұраймыз. Сонымен бiр мезгiлде ұлттық заңдар бойынша кез келген осындай талаптар осы Шарт жөнiнде Шарт жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық мiндеттемелерiне ықпал етпейтiндiгiн және осы мiндеттемелердi орындамау осы Шарт жөнiндегi көмектесудi тоқтата тұруды немесе тоқтатуды талап етуi мүмкiн екендiгiн атап көрсетемiз.
      Министрлiктi өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшiн Елшiлiк осы жағдайды пайдаланады.
      Америка Құрама Штаттарының Елшiлiгi,
      Алматы, 2001 жылғы 2 шiлде.

      АМЕРИКА ҚҰРАМА
      ШТАТТАРЫНЫҢ ЕЛШІЛІГІ

      N 1272/00

      Америка Құрама Штаттары Елшiлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өзiнiң құрметiн растайды және Министрлiктiң 2001 жылғы 20 шiлдедегi N 0755/00 Нотасына сiлтеме жасауды құрмет тұтады және Америка Құрама Штаттары мен Қазақстан Республикасының арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсанда Алматыда жасалған Континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын, апатты жағдайлардың салдарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты келiсiмiнiң қолданылу мерзiмiн жетi жылға 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн ұзартуды ұсынады.
      Шарттың XIV Бабына сәйкес осы Шарт 2000 жылғы 5 желтоқсанда күшiне енген тараптардың 2000 жылғы 1 және 5 желтоқсанда дипломатиялық ноталармен алмасу жолымен 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн ұзартылды. 1993 жылғы 13 желтоқсандағы ұзартылған Шарт 2007 жылғы 13 желтоқсанға дейiн күшiнде болады. Егер бұл ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкiметiне қолайлы болса, Елшiлiк осы нота мен Министрлiктiң жауабы Министрлiктiң нотасы шыққан күнiнен бастап күшiнде болатын екi Үкiметтер арасындағы аталған Келiсiмнiң жалғасуына қызмет етуiн ұсынады. Министрлiктi өзiнiң жоғары құрметiне сендiрудi қайта жалғастыру үшiн Елшiлiк осы жағдайды пайдаланады.

      Америка Құрама Штаттарының Елшiлiгi,
      Алматы, 2001 жылғы 1 желтоқсан.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады