"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2001 жылғы 2 шілдедегі N 51 R010051_ өкіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 37-жолда:
"Жауапты орган" деген бағандағы "ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша), ҚорМ" деген сөздер "ӘдМ, ДСМ, БҒМ, ЕХҚМ" деген сөздермен ауыстырылсын;
"Үкіметке енгізу күні" деген бағандағы "2001 жылдың 15 тамызына дейін" деген сөздер "2002 жылғы 15 қарашасына дейін" деген сөздермен ауыстырылсын.
Премьер-Министр