"Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiн iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнің 2001 жылғы 2 шілдедегi N 51 өкiмiне мынадай
өзгерiстер енгізілсін:
көрсетiлген өкiммен бекiтiлген Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерiн iске асыру мақсатында қабылдануы қажет
Қазақстан Республикасының Yкiметі кесiмдерiнің тiзбесiнде:
"Үкiмет кесiмiмен реттелуге тиiстi қатынастар" деген бағанның реттiк нөмiрi 8-жолдың бiрiншi абзацы және реттiк нөмiрi 17-жолдың
сегiзiншi абзацы алынып тасталсын.
Премьер-Министр