Қазақстан Республикасы Конституциясының 53-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну үшiн ол туралы баяндаманы дайындау мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Павлов - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
жетекшi
Келiмбетов - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттiк жоспарлау
министрi, жетекшiнiң орынбасары
Андрющенко - Қазақстан Республикасы Индустрия
Александр Иванович және сауда бiрiншi вице-министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Әшiмов - Қазақстан Республикасы
Нұрғали Сәдуақасұлы Энергетика және минералдық ресурстар
бiрiншi вице-министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Мұтанов - Қазақстан Республикасы Бiлiм
Ғалымқайыр Мұтанұлы және ғылым бiрiншi вице-министрiнiң
мiндетiн атқарушы
Айдарханов - Қазақстан Республикасы
Арман Тергеуұлы Денсаулық сақтау вице-министрінің
міндетiн атқарушы
Дүйсенова - Қазақстан Республикасы Еңбек
Тамара Босымбекқызы және халықты әлеуметтік қорғау
вице-министрінің міндетін атқарушы
Қошанов - Қазақстан Республикасы Көлiк
Ерлан Жақанұлы және коммуникациялар вице-министрінің
міндетін атқарушы
Мусина - Қазақстан Республикасы Ауыл
Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрiнiң
міндетін атқарушы
Орынбаев - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау
вице-министрiнiң мiндетін атқарушы
Рахметов - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы вице-министрінің міндетін атқарушы
Шамсутдинов - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ринат Шарафутдинович вице-министрінің міндетін атқарушы
Мусенова - Қазақстан Республикасы
Галина Акаевна Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрлiгiнiң
Департамент директоры, хатшы.
2. Жұмыс тобы:
бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына ұсынсын;
жұмыс тобына орталық атқарушы органдардың мамандарын тарту және баяндаманың жобасын әзiрлеу үшiн қажеттi материалдарды алу құқығы берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасы орталық және жергілiктi атқарушы органдарының басшылары:
үш күн мерзiмде жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасына енгiзу үшiн өздерiнiң ұсыныстарын берсiн;
жұмыс тобының талап етуi бойынша дереу қажеттi мамандарды жiберсiн және қосымша сұралатын материалдарды ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жұмыс тобының жұмыс органы болып белгiленсiн.
Премьер-Министр