Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасы туралы баяндаманы дайындау жөнiндегі жұмыс тобы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 17 маусымдағы N 130-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007.05.23. N 135 өкімімен.

      Қазақстан Республикасы Конституциясының  53-бабының 6) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының Үкiметi туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының  7-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасын Қазақстан Республикасының Парламентiне ұсыну үшiн ол туралы баяндаманы дайындау мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Павлов                  - Қазақстан Республикасы
Александр Сергеевич       Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                          жетекшi

Келiмбетов              - Қазақстан Республикасының
Қайрат Нематұлы           Экономика және бюджеттiк жоспарлау
                          министрi, жетекшiнiң орынбасары

Андрющенко              - Қазақстан Республикасы Индустрия
Александр Иванович        және сауда бiрiншi вице-министрiнiң
                          мiндетiн атқарушы

Әшiмов                  - Қазақстан Республикасы
Нұрғали Сәдуақасұлы       Энергетика және минералдық ресурстар
                          бiрiншi вице-министрiнiң
                          мiндетiн атқарушы

Мұтанов                 - Қазақстан Республикасы Бiлiм
Ғалымқайыр Мұтанұлы       және ғылым бiрiншi вице-министрiнiң
                          мiндетiн атқарушы

Айдарханов              - Қазақстан Республикасы
Арман Тергеуұлы           Денсаулық сақтау вице-министрінің
                          міндетiн атқарушы

Дүйсенова               - Қазақстан Республикасы Еңбек
Тамара Босымбекқызы       және халықты әлеуметтік қорғау
                          вице-министрінің міндетін атқарушы

Қошанов                 - Қазақстан Республикасы Көлiк
Ерлан Жақанұлы            және коммуникациялар вице-министрінің
                          міндетін атқарушы

Мусина                  - Қазақстан Республикасы Ауыл
Лилия Сәкенқызы           шаруашылығы вице-министрiнiң
                          міндетін атқарушы

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы
Ербол Тұрмаханұлы         Экономика және бюджеттік жоспарлау
                          вице-министрiнiң мiндетін атқарушы

Рахметов                - Қазақстан Республикасы Қаржы
Нұрлан Құсайынұлы         вице-министрінің міндетін атқарушы

Шамсутдинов             - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Ринат Шарафутдинович      вице-министрінің міндетін атқарушы

Мусенова                - Қазақстан Республикасы
Галина Акаевна            Экономика және бюджеттiк
                          жоспарлау министрлiгiнiң
                          Департамент директоры, хатшы.

      2. Жұмыс тобы:
      бiр апта мерзiмде Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасын дайындасын және Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына ұсынсын;
      жұмыс тобына орталық атқарушы органдардың мамандарын тарту және баяндаманың жобасын әзiрлеу үшiн қажеттi материалдарды алу құқығы берiлсiн.

      3. Қазақстан Республикасы орталық және жергілiктi атқарушы органдарының басшылары:
      үш күн мерзiмде жұмыс тобына Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасы туралы баяндаманың жобасына енгiзу үшiн өздерiнiң ұсыныстарын берсiн;
      жұмыс тобының талап етуi бойынша дереу қажеттi мамандарды жiберсiн және қосымша сұралатын материалдарды ұсынсын.

      4. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi жұмыс тобының жұмыс органы болып белгiленсiн.

       Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады