1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің және Азия Волейбол конфедерациясының (AVC) 2004 жылғы 16-26 сәуірде Алматы қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Азия Чемпионатын өткізу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса беріліп отырған волейболдан әйелдер командалары арасында Азия Чемпионатына (бұдан әрі - Азия Чемпионаты) дайындық пен оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі, Алматы қаласының әкімі Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясымен келісім бойынша отырып, Азия Чемпионатына дайындықты және оны Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайында өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі қоғамдық тәртіптің сақталуын, қатысушылар мен ресми адамдардың тұратын және жарыстар өтетін жерлердегі қауіпсіздігін, Азия Чемпионатына қатысушы шетел азаматтарының Алматы қаласының қонақ үйлерінде тіркелуін қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Ақпарат министрлігі Азия Чемпионатына дайындық пен өткізу барысын бұқаралық ақпарат құралдарына кеңінен жариялауды қамтамасыз етсін.
6. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Азия Чемпионатына қатысушыларға көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етуге жәрдем көрсетсін.
7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі берген тізім бойынша Азия Чемпионатына қатысушылар мен ресми адамдарға келу және кету құжаттарын ресімдеуге жәрдем көрсетсін.
8. "Волейболдан әйелдер командалары арасында V Азия Кубогын өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 9 қаңтардағы N 2-ө өкімнің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2003 жылғы 25 желтоқсандағы
N 319 өкімімен
бекітілген
Волейболдан әйелдер командалары арасында Азия Чемпионатына дайындық пен оны өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінің құрамы
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы Туризм және
Дәулет Болатұлы спорт жөніндегі агенттігінің
төрағасы, төраға
Храпунов - Алматы қаласының әкімі, төрағаның
Виктор Вячеславович орынбасары
Атамқұлов - Қазақстан Республикасы Волейбол
Ерлан Дүмшебайұлы федерациясының вице-президенті,
төрағаның орынбасары (келісім
бойынша)
Әбенов - Қазақстан Республикасы
Сұлтан Мұрашұлы Премьер-министрінің кеңесшісі
Баталов - Алматы облысы әкімнің орынбасары,
Амандық Ғаббасұлы Алматы қаласы мен Алматы облысы
Волейбол федерациясының басшысы
Гуськов - Қазақстан Республикасының Туризм
Юрий Петрович және спорт жөніндегі агенттігі
жоғары жетістіктер спорты және
спорт резерві басқармасының
бастығы
Досжан - Қазақстан Республикасының Ақпарат
Ардақ Дүкенбайұлы вице-министрі
Захарин - Балуан Шолақ атындағы Спорт және
Юрий Кузьмич мәдениет сарайының директоры
(келісім бойынша)
Зверьков - Қазақстан Республикасының Сыртқы
Вадим Павлович істер вице-министрі
Кан - Қазақстан Республикасының Волейбол
Юрий Павлович федерациясының бас хатшысы
(келісім бойынша)
Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлік
Юрий Иванович және коммуникациялар бірінші
вице-министрі
Отто - Қазақстан Республикасының Ішкі
Иван Иванович істер вице-министрі
Тәжібай - Қазақстан Республикасының Туризм
Бақытбек және спорт жөніндегі агенттігі
төрағасының бірінші орынбасары
Түкиев - Қазақстан Республикасы Туризм және
Серік Адамұлы спорт жөніндегі агенттігінің спорт
резервінің штаттық ұлттық
командалары дирекциясының басшысы