1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң және Азия Волейбол конфедерациясының (AVC) 2003 жылғы 1-9 маусым кезеңiнде Алматы қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында V Азия Кубогын (бұдан әрi - Азия Кубогы) өткiзу туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Қоса берiлiп отырған Азия Кубогына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң құрамы бекiтiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi мен Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Волейбол федерациясымен келiсiм бойынша Азия Кубогына дайындықты және оны Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы Спорт және мәдениет сарайында өткiзудi қамтамасыз етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi қоғамдық тәртiптiң сақталуын, қатысушылар мен ресми адамдар тұратын және жарыстар өтетiн жерлерде олардың қауiпсiздiгiн, Азия Кубогына қатысушы шетелдiк азаматтардың Алматы қаласының қонақ үйлерiнде тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Азия Кубогына дайындық және оны өткiзу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында кеңiнен жария етудi қамтамасыз етсiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азия Кубогына қатысушыларға көлiктiң қызметi көрсетілуiн қамтамасыз етуге жәрдемдессiн.
7. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегi агенттiгi берген тiзiм бойынша Азия Кубогына қатысушылар мен ресми адамдардың келу және кету құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетсін.
Премьер-Министрдің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
2003 жылғы 9 қаңтардағы
N 2 өкiмiмен
бекiтiлген
Волейболдан әйелдер командалары арасында V Азия Кубогына дайындық және оны өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiнiң ҚҰРАМЫ
Тұрлыханов - Қазақстан Республикасы
Дәулет Болатұлы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы, төраға
Храпунов - Алматы қаласының әкімi,
Виктор Вячеславович төрағаның орынбасары
Атамқұлов - Қазақстан Республикасы
Ерлан Дүмшебайұлы Волейбол федерациясының
вице-президенті, төрағаның
орынбасары
(келiсiм бойынша)
Әбенов - Қазақстан Республикасының
Сұлтан Мұрашұлы Премьер-Министрiнiң
кеңесшiсi
Рябченко - Қазақстан Республикасы
Олег Григорьевич Мәдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм бiрiншi
вице-министрi
Лавриненко - Қазақстан Республикасының
Юрий Иванович Көлiк және коммуникациялар
бiрiншi вице-министрi
Отто - Қазақстан Республикасының
Иван Иванович Iшкi iстер вице-министрi
Қуанышев - Қазақстан Республикасының
Дулат Оразбекұлы Сыртқы iстер вице-министрi
Баталов - Алматы облысы әкiмiнiң
Амандық Ғаббасұлы орынбасары
Тәжiбай - Қазақстан Республикасының
Бақытбек Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi төрағасының бiрiншi
орынбасары
Гуськов - Қазақстан Республикасының
Юрий Петрович Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгi спорт
басқармасының бастығы
Түкиев - Қазақстан Республикасы
Серiк Адамұлы Туризм және спорт жөнiндегi
агенттiгiнiң штаттық ұлттық
командалар және спорт
резервi дирекциясының басшысы
Захарин - Балуан Шолақ атындағы
Юрий Кузьмич Спорт және мәдениет
сарайының директоры
(келiсiм бойынша)
Кан - Қазақстан Республикасы
Юрий Павлович Волейбол федерациясының
бас хатшысы (келiсiм бойынша)