"Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 24-ө өкiмiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
1-тармақта:
Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Наталья Артемовна Коржова хатшы болып енгiзiлсiн;
мынадай:
"Чирков Қазақстан Республикасының
Владимир Николаевич Индустрия және сауда
министрлiгi Құрылыс iстерi
жөніндегі комитетi
төрағасының орынбасары,
хатшы"
деген жолда ", хатшы деген сөз алынып тасталсын;
2-тармақта "5" деген сан "20" деген сандармен ауыстырылсын.
Премьер-Министр