Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы N 24-ө өкiмiне толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 12 ақпандағы N 36-ө өкімі

      "Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнің 2004 жылғы 24 қаңтардағы N 24-ө өкiмiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын және тұрғын үй-коммуналдық саланы дамыту бағдарламасының жобасын әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының құрамына Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау вице-министрi Наталья Артемовна Коржова хатшы болып енгiзiлсiн;
      мынадай:

"Чирков                                  Қазақстан Республикасының
Владимир Николаевич                      Индустрия және сауда
                                         министрлiгi Құрылыс iстерi
                                         жөніндегі комитетi
                                         төрағасының орынбасары,
                                         хатшы"
      деген жолда ", хатшы деген сөз алынып тасталсын;
      2-тармақта "5" деген сан "20" деген сандармен ауыстырылсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады