"Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 173-ө өкіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген өкіммен бекітілген Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі кесімдерінің тізбесінде:
"Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2004 жылғы қаңтар";
"Жауапты мемлекеттік органдар" деген бағандағы реттік нөмірі 1-жолдың 4) тармақшасы "ЭБЖМ" деген аббревиатурамен толықтырылсын;
"Орындалу мерзімі" деген бағандағы реттік нөмірі 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақпарат және ақпаратты қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін".
Премьер-Министр