Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2003 жылғы 14 тамыздағы N 173-ө өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2004.12.30. N 383 өкімімен.

      1. Қоса беріліп отырған ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының Үкіметі нормативтік құқықтық кесімдерінің тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

      2. Мемлекеттік органдар Тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізсін.

      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері екі айлық мерзімде Қазақстан Республикасының заңнамалық кесімдерін іске асыруға тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық кесімдер қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Үкіметті хабардар етсін.

       Премьер-Министр

Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің  
2003 жылғы 14 тамыздағы 
N 173 өкімімен    
бекітілді       

Ақпараттандыру, электрондық құжат және электрондық
цифрлық қол қою саласындағы Қазақстан Республикасының
заңнамалық кесімдерін іске асыру мақсатында
қабылдануы қажет Қазақстан Республикасының
Үкіметі кесімдерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2004.02.27. N 52  өкімімен .

___________________________________________________________________
р/с| Заңнамалық |    Қазақстан        |  Жауапты    |  Орындалу
N  | кесімнің   |  Республикасы       |мемлекеттік  |   мерзімі
   |  атауы     |Үкіметінің кесімімен |  органдар   |
   |            |  реттелуі тиіс      |             |
   |            |    қатынастар       |             |
___________________________________________________________________
1  "Электрондық  1) мемлекеттік орган.   МАҚМ, АБА,   2004 жылғы
   құжат және    дардың электрондық       ПМК,        қаңтар
   электрондық   құжат айналымының
   цифрлық қол.  тәртібі мен
   таңба туралы" шарттары;
   Қазақстан
   Республикасы.
   ның 2003
   жылғы 7
   қаңтардағы
    Заңы
                            2) электрондық цифрлық  АБА, ҚМ      2003 жылғы
                 қол қою ашық кілтінің                22 қыркүйек
                 сәйкестігін куәландыру,
                 тіркеу куәліктерінің
                 шынайылығын растау
                 жөніндегі қызметке
                 қойылатын біліктілік
                 талаптары;

                 3) лицензиялау
                 нысаны;

                 4) жекелеген қызмет     ЭБЖМ
                 түрлерімен айналысу
                 құқығына лицензиялық
                 алым ставкаларының
                 мөлшерін айқындау

2. "Ақпараттан.  1) ақпараттандыру       АБА,         "Ақпарат және
   дыру туралы"  саласындағы ұлттық      ТМРБҚ        ақпаратты
   Қазақстан     операторды және         (келісім     қорғау туралы"
   Республика.   оның өкілеттігін        бойынша)     Қазақстан
   сының 2003    айқындау;                           Республикасының
   жылғы 8                                           Заңы қабылдан-
   мамырдағы                                          ғаннан кейін
     Заңы
                         2) мемлекеттік          АБА          2003 жылғы
                 ақпараттық                           22 қыркүйек
                 ресурстарды
                 пайдалану тәртібі;

                 3) Мемлекеттік          АБА, МАҚМ,   2003 жылғы
                 ақпараттық              ПМК          22 қыркүйек
                 ресурстарды
                 қалыптастыру үшін
                 міндетті түрде
                 берілетін
                 құжаттандырылған
                 ақпарат пен
                 электрондық құжаттар
                 түрлерінің тізбесі
___________________________________________________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады