1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi:
бюджеттік қаражат есебiнен жүзеге асырылатын тұрғын үй салуға арналған мердiгерлiк жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды өткiзу кезiнде конкурстық комиссиялардың құрамына облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдарының, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктердің өкілдерiн енгiзсiн;
Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi жұмыстардың ай сайынғы мониторингiн жүзеге асырсын.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық iстерi комитетiне ай сайын Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берсiн.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N 317 өкімімен.
2. алынып тасталды
Ескерту. 2-тармақ алынып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N 317 өкімімен.
3. Мемлекеттiк мекемелер - бюджет қаражаты есебiнен салынатын тұрғын үй құрылысының тапсырысшылары мердiгерлiк (бас мердiгерлiк) ұйымдарға ақы төлеудi белгiленген тәртiппен және облыстық, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi сәулет-құрылыс бақылау органдары растаған орындалған жұмыстардың актісi негiзiнде жүргізсiн.
Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің 2006.11.08. N 317 өкімімен.
4. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау және iс-қимылды үйлестiру Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлiгiне жүктелсiн.
Премьер-Министр