Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс Үйлестiру Кеңесiнiң 22-мәжілісiн дайындауды және өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында:
1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс Үйлестiру Кеңесiнiң 22-мәжілісiне 21 қатысушының 2005 жылғы 24-27 мамырда Астана қаласында қонақ үйде тұруына қаражат бөлсiн.
2. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсiн.
Премьер-Министр