Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс Yйлестіру Кеңесiнiң 22-мәжілісiн дайындау және өткiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2005 жылғы 4 сәуірдегі N 76-ө Өкімі

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс Үйлестiру Кеңесiнiң 22-мәжілісiн дайындауды және өткiзудi қамтамасыз ету мақсатында:

      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi:
      2005 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Өкiлдiк шығыстар" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Үкiметаралық фельдъегерлiк байланыс Үйлестiру Кеңесiнiң 22-мәжілісiне 21 қатысушының 2005 жылғы 24-27 мамырда Астана қаласында қонақ үйде тұруына қаражат бөлсiн.

      2. Осы өкiмнiң iске асырылуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсiн.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады