Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасын (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асыру мақсатында:
1. Мыналар құрылсын:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес құрамда Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті шаралар кешенін пысықтау, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы);
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес құрамда жұмысты үйлестіру, бақылау және Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті шаралар кешенін пысықтау, нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының проблемалық мәселелерін жедел шешу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Тұжырымдаманы іске асыру мәселесі жөніндегі одан арғы іс-қимылын пысықтау үшін тұрақты жұмыс істейтін ведомствоаралық жұмыс тобы (бұдан әрі - ведомствоаралық жұмыс тобы).
2. Жұмыс тобы мен ведомствоаралық жұмыс тобы 2006 жылғы
1 шілдеден бастап Тұжырымдамаға көшуді қамтамасыз етуге арналған шараларды қабылдасын.
3. Жұмыс тобы Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті нормативтік құқықтық кесімдердің жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу аяқталғанға дейін айына екі рет ведомствоаралық жұмыс тобының алдында істелген жұмыс туралы есеп берсін.
4. Ведомствоаралық жұмыс тобы айына екі рет жұмыс тобының есебін тыңдасын және қажет болған кезде мүдделі мемлекеттік органдарды шақыра отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің алдында істелген жұмыс туралы есеп берсін.
5. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 30 қарашадағы
N 336-ө өкіміне 1-қосымша
Тұжырымдаманы іске асыру үшін қажетті шаралар
кешенін пысықтау, нормативтік құқықтық кесімдердің
жобаларын және басқа да материалдарды әзірлеу
жөніндегі жұмыс тобының құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 2006.04.28. N 111 өкімімен.
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы бюджеттiк жоспарлау вице-министрi, жетекшi
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асқар Раушанұлы министрi, жетекшiнiң орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Самат Алпысұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментi директорының орынбасары,
хатшы
Шолпанқұлов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Берiк Шолпанқұлұлы Қазынашылық комитетi төрағасының орынбасары
Балапанов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Зейнелқабден бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Өңiрлiк
Тәукенұлы саясат және бюджетаралық қатынастар
департаментiнiң директоры
Боранғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Мәрзия бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Бюджеттiк
Мұхамбетрақымқызы процесс әдiснамасы және функционалдық
талдау департаментiнiң директоры
Ермекова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Несiпбала Әбсағитқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Салалық
органдардың шығыстарын жоспарлау
департаментiнiң директоры
Жайлаубаева - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Әсия Сейiтжапарқызы байланыс агенттiгi Ақпараттандыру
департаментiнiң директоры
Иванова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Наталья Николаевна бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Мемлекеттiк
аппарат, қорғаныс, қоғамдық тәртiп және
қауiпсiздiк шығыстарын жоспарлау
департаментiнiң директоры
Қайырова - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Дәметкен Кәрiмқызы Ұлттық есеп жүргiзу департаментiнiң
директоры
Кармазина - Қазақстан Республикасы Экономика және
Лена Магауяновна бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Бюджеттiк
саясат және жоспарлау департаментiнiң
директоры
Қасымова - Қазақстан Республикасы Энергетика және
Татьяна Сұлтанқызы минералдық ресурстар министрлiгi Бюджет,
қаржылық рәсiмдер және кадр қызметi
департаментiнiң директоры
Колышпаева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Нина Георгиевна бюджеттiк жоспарлау министрлiгi
Стратегиялық талдау және жоспарлау
департаментiнiң директоры
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика және
Аида Дәденқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Әлеуметтiк
сала шығыстарын жоспарлау департаментiнiң
директоры
Бiртанов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Есжан Амантайұлы Монетарлық операциялар департаментi
директорының орынбасары (келiсiм бойынша)
Доможирская - Қазақстан Республикасы Экономика және
Ирина Николаевна бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Салық
саясаты және болжамдар департаментi
директорының орынбасары
Баймағамбетов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң
Ақылжан Мәлiкұлы Монетарлық операцияларды есепке алу
басқармасының бастығы (келiсiм бойынша)
Жолдыбай - Қазақстан Республикасы Әдiлет
Мақсат Орынбекұлы министрлiгінiң Заңға тәуелдi кесiмдер
департаментi Заңға тәуелдi кесiмдердi
талдау және әзiрлеу басқармасының бастығы
Торғауытова - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Үмiт Шолтыққызы Салық комитетi Кiрiстердi талдау және
ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы
Өмiрзақова - Қазақстан Республикасы Экономика және
Сәуле Қабыкенқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
Экономикалық саясат және жоспарлау
департаментi Макроэкономикалық болжамдау
басқармасының бастығы
Асхатов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Рафкат Ангасынович Кедендiк бақылау комитетi Энергия
ресурстарын кедендiк бақылауды
ұйымдастыру басқармасы энергия ресурстарын
кедендiк бақылауды ұйымдастыру бөлiмiнiң
бастығы
Турлина - Қазақстан Республикасы Экономика және
Биян Қадырқызы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң Салық
саясаты және болжамдар департаментiнiң Жер
қойнауын пайдаланушыларға салық салу
басқармасы шикiзат секторы ұйымдарынан
түсетiн түсiмдердi болжамдау бөлiмiнiң
бастығы
Тутушкин - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Виталий Алексеевич Зерттеулер және статистика департаментiнiң
Стратегия және талдау басқармасы монетарлық
зерттеулер бөлiмiнiң бастығы (келiсiм
бойынша)
Қабыкенов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
Арыстан Кенжетайұлы Жиынтық-талдама департаментi Қаржылық
институттарды зерттеу басқармасының талдау
және зерттеу бөлiмi бастығының мiндетiн
атқарушы
Шәмшінұрова - Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Салтанат Мұратқызы Заңнама департаментiнiң Азаматтық,
әлеуметтiк-экономикалық және қаржы
заңнамасы басқармасы әлеуметтiк-
экономикалық және қаржы заңнамасы бөлiмiнiң
бас маманы
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2005 жылғы 30 қарашадағы
N 336-ө өкіміне 2-қосымша
Жұмысты үйлестiру, бақылау және Тұжырымдаманы iске
асыру үшiн қажеттi шаралар кешенiн пысықтау, нормативтiк
құқықтық кесiмдердiң жобаларын және басқа да материалдарды
әзiрлеу жөнiндегi жұмыс тобының проблемалық мәселелерiн
жедел шешуге арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегi одан арғы
iс-қимылын пысықтауға арналған ведомствоаралық
жұмыс тобының құрамы
Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің 2006.04.28. N 111 өкімімен.
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрiм Қажымқанұлы Министрiнiң орынбасары - Қазақстан
Республикасының Экономика және бюджеттiк
жоспарлау министрi, жетекшi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы бюджеттiк жоспарлау вице-министрi,
жетекшiнiң орынбасары
Сағындықов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Самат Алпысұлы бюджеттiк жоспарлау министрлiгiнiң
Инвестициялық саясат және жоспарлау
департаментi директорының орынбасары,
хатшы
Елемесов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Асқар Раушанұлы министрi
Құсдәулетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице-
Дулат Рашитұлы министрi
Рахметов - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
Нұрлан Құсайынұлы Салық комитетiнiң төрағасы
Тортаев - Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгi
Бауыржан Қадырұлы төрағасының орынбасары
Герасименко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi
Юрий Викторович Монетарлық операциялар департаментiнiң
директоры, басқарма мүшесi (келiсiм
бойынша)