Ескерту. Өкімнің күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 345-ө Өкімімен.
Астана қаласында ғылыми бiлiм беру кешенiн құру және дамыту жолымен Қазақстан экономикасы секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Мәсiмов - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы орынбасары, жетекшi
Шөкеев - Астана қаласының әкiмi, жетекшiнiң
Өмiрзақ Естайұлы орынбасары
Әйтiмова - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Бiрғаным Сарықызы министрi
Смайылов - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Әлихан Асханұлы министрi
Құсайынов - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы бюджеттiк жоспарлау вице-министрi
Исекешев - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы сауда вице-министрi
Құдайбергенов - Нұрсұлтан Назарбаевтың бiлiм беру қоры
Мұрат Әнуарбекұлы директорының бiрiншi орынбасары (келiсiм
бойынша)
Әбдiрахманов Болат - Қазақстан-Британ техникалық университетiнiң
Қамарханұлы бiрiншi проректоры (келiсiм бойынша)
Нұрғожин - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Марат Рахымәлiұлы министрлiгi Бiлiм берудi дамыту стратегиясы
және халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң
директоры, хатшы
2. Жұмыс тобы:
1) 2006 жылғы 20 наурызға дейiн Астана қаласында "Жаңа университет" ғылыми бiлiм беру кешенiн құру тұжырымдамасын әзiрлеу үшiн жедел топ құрсын;
2) 2006 жылғы 20 сәуiрге дейiн Астана қаласында "Жаңа университет" ғылыми бiлiм беру кешенiн құру тұжырымдамасын әзiрлесiн;
3) 2006 жылғы 20 мамырға дейiн Астана қаласында "Жаңа университет" ғылыми бiлiм беру кешенiн ұйымдастырудың жоспар-кестесiн әзiрлесiн;
4) қажет болған кезде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне 2006 жылға арналған республикалық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстар мен 2007 жылға арналған бюджеттiк өтiнiмдi енгiзсiн.