Астана қаласында ғылыми бiлiм беру кешенiн құру мәселелерi жөнiнде жұмыс тобын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 63-ө Өкімі. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы N 345-ө Өкімімен

       Ескерту. Өкімнің күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің 2007 жылғы 19 қарашадағы  N 345-ө  Өкімімен.

      Астана қаласында ғылыми бiлiм беру кешенiн құру және дамыту жолымен Қазақстан экономикасы секторларының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында:

      1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:

Мәсiмов             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң
Кәрiм Қажымқанұлы     орынбасары, жетекшi

Шөкеев              - Астана қаласының әкiмi, жетекшiнiң
Өмiрзақ Естайұлы      орынбасары

Әйтiмова            - Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым
Бiрғаным Сарықызы     министрi

Смайылов            - Қазақстан Республикасының Қаржы вице-
Әлихан Асханұлы       министрi

Құсайынов           - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы      бюджеттiк жоспарлау вице-министрi

Исекешев            - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы       сауда вице-министрi

Құдайбергенов       - Нұрсұлтан Назарбаевтың бiлiм беру қоры
Мұрат Әнуарбекұлы     директорының бiрiншi орынбасары (келiсiм
                      бойынша)

Әбдiрахманов Болат  - Қазақстан-Британ техникалық университетiнiң
Қамарханұлы           бiрiншi проректоры (келiсiм бойынша)

Нұрғожин            - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым
Марат Рахымәлiұлы     министрлiгi Бiлiм берудi дамыту стратегиясы
                      және халықаралық ынтымақтастық департаментiнiң
                      директоры, хатшы

      2. Жұмыс тобы:
      1) 2006 жылғы 20 наурызға дейiн Астана қаласында "Жаңа университет" ғылыми бiлiм беру кешенiн құру тұжырымдамасын әзiрлеу үшiн жедел топ құрсын;
      2) 2006 жылғы 20 сәуiрге дейiн Астана қаласында "Жаңа университет" ғылыми бiлiм беру кешенiн құру тұжырымдамасын әзiрлесiн;
      3) 2006 жылғы 20 мамырға дейiн Астана қаласында "Жаңа университет" ғылыми бiлiм беру кешенiн ұйымдастырудың жоспар-кестесiн әзiрлесiн;
      4) қажет болған кезде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгiне 2006 жылға арналған республикалық бюджеттi нақтылау жөнiндегi ұсыныстар мен 2007 жылға арналған бюджеттiк өтiнiмдi енгiзсiн.

      3. Астана қаласының әкімдігі жұмыс тобын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырсын.

      Премьер-Министр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады