Астана қаласында ғылыми білім беру кешенін құру және дамыту жолымен Қазақстан экономикасы секторларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында:
1. Мынадай құрамда жұмыс тобы құрылсын:
Шөкеев - Қазақстан Республикасы Премьер-
Өмірзақ Естайұлы Министрінің орынбасары, жетекші
Мамин - Астана қаласының әкімі,
Асқар Ұзақбайұлы жетекшінің орынбасары
Қуанғанов - Қазақстан Республикасының Білім
Фархад Шаймұратұлы және ғылым вице-министрі, хатшы
Мамытбеков - Қазақстан Республикасы
Асылжан Сарыбайұлы Премьер-Министрінің Кеңсесі
Басшысының орынбасары
Түймебаев - Қазақстан Республикасының Білім
Жансейіт Қансейітұлы және ғылым министрі
Бишімбаев - Қазақстан Республикасының
Қуандық Уалиханұлы Индустрия және сауда
вице-министрі
Саудабаев - Қазақстан Республикасының Қаржы
Дәулет Советұлы вице-министрі
Хорошун - Астана қаласы әкімінің орынбасары
Сергей Михайлович
Құрманғалиева - Қазақстан Республикасы Экономика
Аида Дәденқызы бюджеттік жоспарлау министрлігі
Әлеуметтік саланы дамыту
департаментінің директоры
Тәтібаев - "Ғылыми білім беру кешені"
Жанұзақ Әбдірасылұлы корпоративтік қорының директоры
(келісім бойынша)
2. Жұмыс тобы:
1) бір апта мерзімде қажетті іс-шаралар тізбесі мен орындалу мерзімдерін нақтылай отырып, Астана қаласында»"Жаңа университет" ғылыми білім беру кешенін құру жөніндегі желілік кестенің жобасын әзірлесін;
2) қажет болған жағдайда Астана қаласындағы "Жаңа университет" ғылыми білім беру кешенін құру жөніндегі желілік кестенің орындалуы жөнінде ұсыныстар әзірлесін.
4. "Астана қаласында ғылыми білім беру кешенін құру мәселелері жөнінде жұмыс тобын құру туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 63-ө өкімінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр