2006-2010 жылдарға арналған жазғы каникул кезеңiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2006 жылғы 18 мамырдағы N 132-ө Өкімі

      Жазғы каникул кезiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, олардың шығармашылық дамуы үшiн қажеттi жағдай жасау, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығының, қылмыс жасауының, қараусыз және қадағалаусыз қалуының алдын алу мақсатында:

      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi:
      1) жергiлiктi деңгейде мектептен тыс ұйымдарда қосымша бiлiм беру бағдарламаларын iске асыруға көзделген қаражат, сондай-ақ демеушiлiк және қайырымдылық көмектер тарту есебiнен жазғы каникул кезiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруды және өткiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) жазғы кезеңде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөнiндегi, сондай-ақ балалар лагерьлерiнiң пайдалануға дайындығын қабылдау жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссияларды қалыптастырсын;
      3) ата-аналар мен балалардың қажеттiлiктерiн, облыстардың, қалалардың және аудандардың экономикалық жағдайларын және ерекшелiктерiн ескере отырып, балалар мен жасөспiрiмдердiң 2006-2010 жылдарға арналған демалыс, сауықтырылу және жұмыспен қамтылу бағдарламаларын әзiрлесiн және бекiтсiн;
      4) қаланың шетiндегi барлық лагерьлер мен демалыс аймақтарын есепке алуды жүргiзсiн, оларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялауды қамтамасыз етсiн;
      5) жалпы бiлiм беретiн мектептердiң, мектептен тыс ұйымдардың жанынан тамақтандыратын және тамақтандырмайтын күндiзгi уақыттағы лагерьлердi, еңбек және демалыс лагерьлерiн, мектеп орманшылығын, көркейту және көгалдандыру жөнiндегi жасақтарды ұйымдастырсын;
      6) барлық үлгiдегi лагерьлер желiсiн көбейту және олардың қызметiн жақсарту, оларда балалардың болуы үшiн қажеттi материалдық-техникалық, тұрмыстық жағдай жасау, педагог және басқа да кадрлармен қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды қабылдасын;
      7) бiрiншi кезектегi тәртiппен жетiм балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, мемлекеттiк қолдауға мұқтаж отбасыларынан шыққан, көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар балаларының, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, мүгедек балалардың және даму мүмкiндiктерi шектеулi балалардың демалысын және сауықтырылуын тегiн ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн;
      8) еңбек заңнамасына сәйкес каникул кезеңiнде жасөспiрiмдердi жұмыспен қамтуды, олар үшiн жеңiл жұмыс бойынша уақытша жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн;
      9) балалардың өмiрi мен денсаулығын, олардың судағы қауiпсiздiгiн, сондай-ақ балаларды сауықтыру ұйымдарында өртке қарсы қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгi:
      1) жазғы кезеңде балалармен және жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмысқа мәдениет ұйымдарының қатысуына жәрдем көрсетсiн;
      2) балалар мен жасөспiрiмдердiң жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын дайындау және оларды өткiзу барысын бұқаралық ақпарат құралдарында жария етудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгi:
      1) жазғы кезеңде балалармен және жасөспiрiмдермен жүргiзiлетiн жұмысқа спорт ұйымдарының қатысуына жәрдем көрсетсiн;
      2) балалар мен жасөспiрiмдер үшiн спорттық-бұқаралық, сауықтыру iс-шараларын өткiзудi ұйымдастырсын.

      4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi:
      1) балаларды тасымалдау қауiпсiздiгiн және қаланың шетiндегi балалар лагерьлерi мен демалыс аймақтарында қоғамдық тәртiптiң сақталуын қамтамасыз етсiн;
      2) жазғы демалыс кезеңiнде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын азайтатын алдын алу шараларын қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi:
      1) балалар лагерьлерiнiң, олар орналасқан жерлердегi санитарлық-эпидемиологиялық жай-күйдi тұрақты бақылауды жүзеге асырсын;
      2) балалар мен жасөспiрiмдерге медициналық қызмет көрсетуге және сауықтырылуына денсаулық сақтау ұйымдары қызметiнiң үйлестiрiлуiн қамтамасыз етсiн.

      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi:
      1) балалардың демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру орындарының өртке қарсы жай-күйiне тексерiс жүргiзудi қамтамасыз етсiн;
      2) балалар лагерьлерiнiң өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды әзiрлесiн.

      7. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi жыл сайын 5 қазанға қарай Қазақстан Республикасының Үкiметiне 2006-2010 жылдардың жазғы каникул кезеңiнде балалар мен жасөспiрiмдердiң демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру қорытындысы туралы есептi ұсынсын.

      8. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсін.

       Премьер-Министр

Об организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в период летних каникул на 2006-2010 годы

Распоряжение Премьер-Министра Республики Казахстан от 18 мая 2006 года N 132-p

      В целях создания необходимых условий для организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков, их творческого развития во время летних каникул, а также профилактики правонарушений, преступности, беспризорности и безнадзорности несовершеннолетних:
      1. Акимам областей, городов Астаны и Алматы, Министерству образования и науки Республики Казахстан:
      1) обеспечивать организацию и проведение отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков во время летних каникул за счет средств, предусмотренных на реализацию программ дополнительного образования во внешкольных организациях на местном уровне, а также привлечения спонсорской и благотворительной помощи;
      2) формировать областные, городские и районные комиссии по организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в летний период, а также по приему готовности к эксплуатации детских лагерей;
      3) разрабатывать и утверждать программы отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков на 2006-2010 годы с учетом потребностей родителей и детей, экономических условий и особенностей областей, городов и районов;
      4) проводить учет всех детских загородных лагерей и зон отдыха, обеспечивать их лицензирование в соответствии с законодательством Республики Казахстан;
      5) организовывать лагеря дневного пребывания с питанием и без питания при общеобразовательных школах, внешкольных организациях, лагеря труда и отдыха, школьные лесничества, отряды по благоустройству и озеленению;
      6) принимать меры по увеличению сети лагерей всех типов и улучшению их деятельности, созданию необходимых материально-технических бытовых условий для пребывания в них детей, обеспечению педагогическими и другими кадрами;
      7) в первоочередном порядке бесплатно обеспечивать организацию отдыха и оздоровления детей-сирот, детей, оставшихся без попечения родителей, детей из семей, нуждающихся в государственной поддержке, многодетных, неполных, малообеспеченных семей, детей, проживающих в экологически неблагополучных районах, детей-инвалидов и детей с ограниченными возможностями в развитии;
      8) обеспечивать занятость подростков, организацию для них временных рабочих мест по легкому труду в период каникул в соответствии с трудовым законодательством;
      9) обеспечивать сохранность жизни и здоровья детей, их безопасность на водах, а также противопожарную безопасность в детских оздоровительных организациях.

      2. Министерству культуры и информации Республики Казахстан:
      1) содействовать участию организаций культуры в работе с детьми и подростками в летний период;
      2) обеспечивать освещение в средствах массовой информации хода подготовки и проведения летнего отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков.

      3. Министерству туризма и спорта Республики Казахстан:
      1) содействовать участию организаций спорта в работе с детьми и подростками в летний период;
      2) организовывать проведение спортивно-массовых, оздоровительных мероприятий для детей и подростков.

      4. Министерству внутренних дел Республики Казахстан:
      1) обеспечивать безопасность перевозки детей и охрану общественного порядка в детских загородных лагерях и зонах отдыха;
      2) принимать профилактические меры, снижающие детский травматизм на дорогах и улицах в период летних каникул.

      5. Министерству здравоохранения Республики Казахстан:
      1) осуществлять постоянный контроль за санитарно-эпидемиологическим состоянием детских лагерей в местах их дислокации;
      2) обеспечивать координацию деятельности организаций здравоохранения за медицинским обслуживанием и оздоровлением детей и подростков.

      6. Министерству по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан:
      1) обеспечивать проведение проверки противопожарного состояния мест организации отдыха, оздоровления и занятости детей;
      2) разрабатывать мероприятия, направленные на обеспечение пожарной безопасности детских лагерей.

      7. Министерству образования и науки Республики Казахстан представлять отчет об итогах организации отдыха, оздоровления и занятости детей и подростков в период летних каникул 2006-2010 годов в Правительство Республики Казахстан ежегодно к 5 октября.

      8. Контроль за выполнением настоящего распоряжения возложить на Министерство образования и науки Республики Казахстан.

       Премьер-Министр