Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Премьер-Минисрінің 2008.06.23 N 172-ө Өкімімен.
Қазақстан Республикасының экономикасы секторларын халықаралық стандарттарға көшуi мақсатында:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстандық кәсiпорындардың халықаралық стандарттарға жедел көшуi жөнiндегi жоспар (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары Жоспар iс-шараларының уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы өкiмнiң орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi К.Қ.Мәсiмовке жүктелсiн.
Премьер-Министр
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2006 жылғы 27 маусымдағы
N 175-ө өкімімен бекітілген
Қазақстандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға
жедел көшуі жөніндегі жоспар
Іс-шараның атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар (млн. теңге) |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. Халықаралық стандарттарға көшу жөніндегі мемлекеттік басқаруды жетілдіру |
|||||
1.1 "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы шеңберінде мемлекеттік сатып алуды жүргізген кезде халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес менеджмент жүйесін енгізген ұйымдарды ынталандыру жөнінде шаралар әзірлеу |
Заң жобасы |
Қаржымині (жинақтау), ИСМ |
2006 жылдың ІІІ тоқсаны |
талап етілмейді |
|
1.2 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSAS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі өңірлік жоспарларды әзірлеу және іске асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2006 жылдың
|
талап етілмейді |
|
2. Менеджмент жүйелері және өнімдердің бәсекеге қабілеттілігі саласындағы нормативтік және ақпараттық қамтамасыз ету |
|||||
2.1 ИСО 22000:2005, 14001:2004 халықаралық стандарттары базасында тамақ қауіпсіздігі менеджменті және экологиялық менеджмент жүйелері саласындағы мемлекеттік стандарттарды қабылдау |
Техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның бұйрығы |
ИСМ (жинақтау), АШМ, ДСМ, Қоршағанортамині |
2007 жылдың
|
талап етілмейді |
|
2.2 Менеджмент жүйелері саласындағы әдістемелік құралдарды әзірлеу және басып шығару |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2007 жылдың
|
талап етілмейді |
|
3. Сапа менеджментінің нысандары мен әдістерін жетілдіру |
|||||
3.1 Қазақстанда шет елдердің тізілімдерінде тіркелген менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі органдарды есептік тіркеу жөніндегі шараларды әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2007 жылдың
|
талап етілмейді |
|
3.2 Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау жөніндегі мүдделі қазақстандық органдарды шетелдік аккредиттеу жүйелерінде аккредиттеуге дайындау жөніндегі
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2007 жылдың IV тоқсаны |
талап етілмейді |
|
3.3 Менеджмент жүйелері саласындағы шетелдік ұйымдармен ақпараттық ынтымақтастықты жүргізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны |
талап етілмейді |
|
3.4 Мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру жөнінде ұсыныстар дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
МҚА, мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2006 жылдың IV тоқсаны |
талап етілмейді |
|
4. Кадрлар даярлау |
|||||
4.1 Менеджмент жүйелері саласындағы кадрлардың біліктілігін арттырудың және оларды қайта даярлаудың үлгі бағдарламаларын әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны |
талап етілмейді |
|
4.2 Республикалық бюджет комиссиясының қарауына халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды даярлау жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны |
2007* жыл - 150,5 |
Республикалық бюджет комиссиясының шешімі |
4.3 Республикалық бюджет комиссиясының қарауына "Сапа" философиясының негіздері" элективті мектеп курсының оқу бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешенін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
БҒМ |
2007 жылдың ІІ тоқсаны |
2007* жыл - 4,4 |
Республикалық бюджет комиссиясының шешімі |
5. Сапа менеджменті саласындағы ұйымдастыру іс-шаралары және насихат |
|||||
5.1 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSАS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу мәселелері жөнінде
|
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), АШМ, ДСМ, ЭМРМ, ТЖМ, Еңбекмині, Қоршағанортамині |
2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны |
талап етілмейді |
|
5.2 Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйақысына ізденуге конкурстар және "Қазақстанның үздік тауарлары" атты көрме-конкурсын өткізуді жақсарту жөнінде ұсыныстар дайындау |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ |
2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны |
талап етілмейді |
|
5.3 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSАS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу бойынша салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу жөнінде жоспарлар әзірлеу және іске асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2006 жылдың IV тоқсаны, 2007 жылдың IV тоқсаны |
талап етілмейді |
|
5.4 ИСО 9001, 14001, 22000 және ОНSАS 18001, SА 8000, ХАССП халықаралық стандарттарына сәйкес келетін менеджмент жүйелерін әзірлеу және енгізу мониторингін жүзеге асыру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ИСМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері |
2006 -2007 жылдары тоқсан сайын |
талап етілмейді |
|
Ескертпелер:
МҚА - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi
ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлiгi
ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi
БҒМ - Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi
Қоршағанортаминi - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгi
АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
Еңбекминi - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi
Қаржыминi - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi
ТЖМ - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi
ЭMPM - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлiгi
__________________
* Қаржыландыру көлемi тиiстi қаржы жылына арналған "Республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нақтыланатын болады.